Ақсу қаласында кітап фестивалі ұйымдастырылды. Оған қаланың оқушылары мен кітапханашылары ат салысты. Ақыл мен парасаттың қандай қазыналары ұсынылды? Алдағы материалымызда.
Шара балалар шығармашығы үйінде ұйымдастырылды. Орынның осынДА таңдалуы бекер болмаса керек. Бала мен кітапты дос ету болашақтағы игіліктердің іргетасы екені сөзсіз.
Шараға кітпсүйер жасөспірімдер көптеп қатысты. Кітап барлық өркениеттің қазынасы. Бұны бүгінгі балдырғандар да жақсы түсінеді. Кітап парақтарын ақтарып, өздеріне керек ой маржанын табады.
Кітапхана ісі, кітапты насихаттау жұмсына мемлекет тарабы да соңғы жылдары қолдау көрсете бастады. Болашағын әріден ойлайтын кез-келген ел осылай істейтіні анық. Нәижесі жоқ емес, бүгінде кітапхана ісінде айтарлықтай серпілу бар деуге болады.
Шара аясында балаларға арналып біратар қызықты бағдарламалар ұсынылды. Бәрі болашаұ үшін дейді ұйымдастырушылар. Ал, бүлдіршіндер болса қызықты кітаптармен танысып, сиқырлы әлемнің сырына қанықты.
Жанасыл Серікбол