1 қазан Қарттар күні. Осыған орай жастар бастамаларын дамыту орталығының еріктілері «Үлкенге құрмет» жобасын қолға алды. Оның аясында қаламыздағы 20 жалғызбасты қарияға тәттілер толы себеттер таратылды.
Қазынамыз, қарттарымызды еске алатын қазан айына да келіп қалды. Осы айда күн суығанмен, жүрегіміз ерекше жылулыққа толады. Себебі қайырымдылық шаралары көптеп қолға алынады, қарттарға ерекше сый көрсетіледі.
АЙЖАН ҚАЛИ, ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Үлкенге құрмет жобасы аясында біздің еріктілер кешеден бері себеттерді таратып жүр. Жалпы 20 себет бар. 20 қарт адамдарға таратылады. Себеттерде тәтті тоқаштар, кәмпиттер, жеміс жидектер бар.
Шараның негізі мақсаты - жастардың бойына үлкенді құрметтеу, сыйлау сынды қасиеттерді сіңіру. Жақсылық жасаудың соншалықты қиын еместігін еске салу.
Самал Қалиқызы