Философ-ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Колос» балалар ойын-сауық орталығында «Мәшһүр Жүсіп оқулары» қалалық байқау өтті. Сөз өнерін ту еткен жандар арасындағы байқауға тілшіміз куә болып қайтты.

Шараны өткізудегі мақсат мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, тіл мәдениетін көтеру. Сондай-ақ ақын, шежіре, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі көрнекті тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларын насихаттау. Байқауда 20 қатысушы 3 кезеңде бақ-сынасты.

МЕЙРАМ НҰҒЫМАН, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ

Бүгінгі өтіп жатқан Мәшһүр Жүсіп оқулары дәстүрлі оқулар болып табылады. Қалалық деңгецде өткізіледі. Оған қала метптерінің оқушылары жоғары оқу орындары студенттері және мекеме мен ұйымдардың жас мамандары қатыса алады. Яғни 14-35 жас аралығы деп айтамыз, ереже бойыншаа. Биыл 15 мәрте өткізілп отыр. Бұл конкурстың басқа конкурстарға қарағанда ерекешеліктері конкурсқа қатысушылар Мәшһүр жүсіптің өмір баянына қатысты векториналық сұрақтарға жауап береді, өлең қоржынынан іліккен 5 өлеңнің біреуін жатқа оқып беру керек. Ислам және Мәшһүр Жүсіп тақырыпта үй тапсырмасы бабамыздың дін туралы жалпы дүниетанымы туралы мақалаларын, ой-толғауларын мәнерлеп айтып береді. Осындай 3 кезеңнен тұрады.

Байқау барысында қатысушыларға қазақ әдебиетін терең түсінуге және шығармашылық әлеуетін арттыруға мүмкіндік берілді. Ал шараға қатысқан оқушылар мен мұғалімдер Мәшһүр бабамыздың кесенесіне барып, мұражайымен танысады. Байқау осындай сапармен ерекшеленеді дейді ұйымдастырушылар.

МЕЙРАМ НҰҒЫМАН, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ

Бүгінгі күні конкурс өткеннен кейін ертеңгі күні осы қатысушылар мен олардың жетекшілері және қазылар-алқасы Баянауыл ауданы Ескелді шатқалындағы Мәшһүр бабамыздың кесенесіне барып мінәжат қылады. Ерекшелігі сол. Сол жердегі Мәшһүр Жүсіптің мұражайына барып, ол кісі ұстаған дүниелерді, экспонат дейміз соларды көріп, танысып егер Мәшһүр бабамыз туралы кітаптар оқыған болса сол жердегі өмір сүрген жерін, заттарын көріп, ұрпақтарын көріп дегендей басына барып құран оқып осындай міняжат етіп қайтады. Бұл енді басқа оқуларғмен салыстырғанда осындай ерекшелігі осында деп айтуға болады.

Мәшһүр Жүсіп оқуларына қатысушылар белсенді түрде қатысты. Қаламыздың 20 үміткері өз өнерлерін, білімі мен зерттеулерін ортаға салды. Поэзия оқу және шығармашылық бағыттар бойынша бақ сынасты.

ДАЯНА ОРАЗБЕКОВА, ҚАТЫСУШЫ

Бірінші кезеңде маған «Ит дүние» өлеңі түскен болатын. Жалпы осы өлең менің ең сүйіп жаттаған өлеңдерімнің бірі болған. Жалпы Мәшһүр Жүсіптің өлеңдері өмірдегі қиыншылықтарды, өмірде болып жатқан жағдайларды баяндай біледі. Одан бөлек Мәшһүр Жүсіп өзінің өміріне де өлеңін діни шығармасына аранаған екен. Жалпы Мәшһүр Жүсіп өзі филосов, этногроф, тарихшы болғандықтан, жан-жақты адам болды десем де болады.

Бұл оқуларға оқушылар ғана емес, мұғалімдер де белсенді қатысты. Мұғалімдер қатысушыларды дайындап қана қоймай, кейде өздері де шешендік өнерін және шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.

ЛЕНА БОДАУХАН, ҚАТЫСУШЫ

Мәшһүр атаныі өлеңдері ерекше. Сондай бір мағыналы, терең, діни, жас ұрпаққа үлгілі ұлағатты өлеңдер. Сондықтан оның өлеңдері өз жаныма ерекше ұнайды. Бүгінгі байқауға мен діни шығармасы сарандықтың зияны туралы дайындып келдім.

Айта кету керек, Мәшһүр Жүсіп оқулары қалада 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. Шара соңында байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне «Дүл-дүл» және «Жас өркен» номинациялары мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Сабина Жолдаспаева