Өңірімізде 5 күнге жалғасқан республикалық театрлар фестивалі өз мәресіне жетті. Өнер бәйгесінің бас жүлдесін елордадан келген «Жастар» театры иеленді. Толығырақ шараға куә болып қайтқан тілші тарқатады.
«Ертіс-Баян» I республикалық театрлар фестивалі Алаш қайраткері, драматург, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдық мерейтойына арналды. Республикалық додаға қатысуға 30 ға тарта театр өтініш берген, солардың арасынан 11 театрдың туындылары іріктелініп алынған.
АЙГҮЛ МАЛИКОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Осы фестивальдің өтуі, ең басты біздің өңірге 11 театр келіп, үздік үлгідегі спектакльдерін көрсетіп, көрермендерді осыған шақырып, ең бастысы мәдени эстетиканы қалыптастыруға үлкен үлес қосуда
Республикалық ауқы쬬дағы фестиваль Пав¬лодар облысы әкімді¬гі¬нің қолдауымен ұйымдас-тырылуда. Мұндай ірі театрлар сыны Ертіс-Баян өңірінде осыдан он шақты жыл бұрын өткен екен. Араға біраз жыл салып дәстүрлі іс-шара жалғасын тапты.
АРМАН ТЕМІРБЕК, ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКА-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Театр деген ең керемет, ең таза саф өнер деп жатады ғой, осы 1 апта бойы бізбен бірге болған барша көрерменді, барша халықты шын жүректен құттықтаймын
Театр тарландарының әр спектаклін қазылар талқылап, әділ бағалағаны анық. Фестиваль қазақ театрларының басын қосып, тәжірибе алмасуға үлкен септігін тигізді.
ЕРКІН ЖУАСБЕК, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Өнер – бұл ізденіс. Ізденістің нәтижесінде басты мақсатқа жету бар, жетуге талпыну бар, не болмаса адасуда болып жатады. Осы жағынан келгенде біраз кемшіліктердің бетін ашып айттық. Дегенмен бүгінгі қазақ театры әлемдік драматургияны игере алатындығы, үлкен прозалық шығармалардан жақсы қойылым қоя алатындықтары дәлелденді
Сонымен, фестиваль қорытындысы нәтижесінде барлық театрларға алғыс хаттар ұсынылып, жекелей актерлердің үзік өнері де назардан тыс қалмады. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театры Ж.Аймауытовтың жиеншары Павел Аймауытов тіккен арнайы жүлдеге, Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры «Amanat» партиясы облыстық филиалы ұсынған арнайы жүлдеге лайықты деп танылды. Өнер бәйгесінің бас жүлдесін елордалық «Жастар» театры жеңіп алып, 1.5 млн сыйақыға ие болды. Ұжым әртістері сахналаған «Күйеу бала» драмасы тәлім мен тәрбиеге толы болған, жалпы көрерменге ой салған үлкен туынды деп бағаланды.
ДӘУРЕН СЕРҒАЗИН, АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ЖАСТАР» ТЕАТРЫНЫҢ РЕЖИССЕРІ
Жалпы әртүрлі қойылымдарын көріп, көп дүие алдық, бұрынғы достармен кездестік, қуаныштымын. Жалпы көрермендерге рамхет. Сондай-ақ, осы біздің бар жанымызды, жүрегімізді берген қойылымды әділ-қазылар жүректерімен қабылдап, жоғары баға бергені өнер адамы үшін үлкен бақыт
Осылайша, «Ертіс-Баян» I республикалық театрлар фестивалі өз мәресіне жетті. Бекзада көрермен үздік театр туындыларын тамашалап, мәдени майданның да лебін сезінді.
Қымбат Садық