Республикалық «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» және «Салауатты сана» жобалары аясында, Павлодар облыстық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – тәрбие іргетасы» қазақ ұлттық салт-дәстүрлері фестивалі өтті. Шараға ата-аналар мен балалар және ұстаздар қатысты.

Салт-дәстүр атадан қалған мұра. Ал, осы іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлермен таныстыру. Тәрбиелік маңызын түсіндіру. Фестиваль қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттай отырып, жастардың бойында асыл қасиеттерді қалыптастыруды мақсат етеді.

БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, «НҰР-АНА ӘЛЕМІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ

Ең бірінші тәрбие отбасыдан басталады. Отбасында не көрсе бала соны ары қарай жалғастырады. Ең бірінші біз 45 мектеппен меморандумға отырдық. Енді сол мектептер қазір келіп өздерінің мәдениетті аналар оның ішінде аналар, әкелер, ұстаздар және орқуышылар өздерінің салт-дәстүрлерін көрсетеді. Салт дәстірде сырға салу, қазақтың қонақжайлығын көрсетті. Енді үшінші шашбау салуды көрсетіп жатыр. Сондағы ойымыз бұл тәрбие отбасыдан басталу керек. Отбасы тәрбиенің ошағы болу керек.

Осындай жобалардың арқасында, ұлтымыздың ұмыт болып келе жатқан салт-дәстүрлері мен бұйымдар жаңғыртылатын болады. «Отбасы – тәрбие іргетасы» фестиваліне шаһарымыздың мектептерінің ұстаздары мен оқушылары, ата-аналары қатысып, көрермендерге өздерінің дайындап әкелген дәстүрлерін көрсетті.

ДИНАРА НАУРЫЗБАЕВА, ҚАТЫСУШЫ

Бүгін міне біз фестивальға келіп қалдық. Біздің мектебіміз қонақ күту дәстүрін көрсетті. Жалпы қонақ күту дәстүрінің 4 түрі бар. Ол бізді арнайы қонақ, құдай қонақ, қыдырма қонақ және қадырма қонақ. Осы бір дәстүрді алып біз бір дәтүрді тамашалып, сахналадық. Осы фестивальға біздің ұжымымыз және ата-аналар, сондай-ақ басқа ұлт өкілдері барлығымыз қатысып, ат салысып, осы фестивальға келдік.

Иә, отбасы тәрбиесі-бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Бақытжамал апамыздың айтуы бойынша, отбасында берілетін тәрбие-адамның болашақта қандай тұлға болып қалыптасатынын анықтайтын іргетас. Сондықтан, ата-аналар мен ұстаздарға өзінің алғысын білдірді.

БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, «НҰР АНА ӘЛЕМІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ

Мектептерге көп рахмет айтамыз. Олар жандарын салыап, басқа ұлттар да мемлекеттік тілде соны айтып жатыр. Соның өзі тәрбие мемлекеттік тілді құрметту, тәрбие және ұмытылып қалған салт-дәстүрімізді здері көрсетті. Ата-ана бала және ұстаз.

Айта кетейік, Республикалық «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» және «Салауатты сана» жобалары 27 қыркүйекке дейін жалғасады. Жоба аясында шаһарымыздың мектептері өздерінің дайындаған қазақ халқының салт-дәстүрлетін ұсынатын болады.

Сабина Жолдаспаева