Солтүстік-Шығыс конференциясының екінші лига командалары арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатының соңғы турында павлодарлық «Ертіс» астаналық «SD Family-М» командасын қабылдады.

Көктемде екінші айналымда павлодарлықтар Астананың осы командасынан 0:1 есебімен ұтылып қалған еді. Осы жарты жылға жуық уақыт ішінде «Ертіс» бірінші орын мен Бірінші лигаға жолдаманы қайтарып алу жолында барын салды. Сондықтан, бұл ойында да аянып қалар ештеңе жоқ еді.

«Ертіс» өз міндетін сәтті орындап шықты. «SD Family-M» қақпасына жауапсыз 8 гол соқты – әр таймда төрттен. Арман Смайылов төрт гол, Жаслан Қайыркенов, Александр Бовкун, Изат Құлжанов және Тимур Байжанов бір голдан соқты.

Осылайша, соңғы тур алдында «Ертістің» 53 ұпайы бар, «Шахтер-М» командасы 52 ұпай иеленді. Павлодарлық команда чемпионатты 1 қазан күні Петропавлда жергілікті «Қызылжар-М» командасымен өткізетін ойынмен аяқтайды.

Жанасыл Серікбол