Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Тереңкөл ауданы тұрғындардына жылыту маусымындағы сақтық шаралары туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде.

Жылыту маусымының басынан бері Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Тереңкөл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрақты түрде профилактикалық рейдтер, брифингтер мен оқу іс-шараларын ұйымдастыруда. Тұрғындардың әлеуметтік осал топтары үшін көмірқышқыл газын анықтау датчиктері мен өрт сөндіру жәшіктерін тегін орнатуда.

ВИКТОРИЯ МАКСИМОВА, ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ ИНЖЕНЕРІ

Біз барлық тұрғындарды мұқият болуға, азаматтық жауапкершілікке шақырамыз. Сіздің қауіпсіздігіңіз бізге ғана емес, сізге де байланысты екенін ұмытпаңыз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз, электр сымдарының жай-күйін қадағалаңыз, қосылған электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз және, әрине, от жаққан кезде абай болыңыз. Өзіңізге және жақындарыңызды қорғаңыз