Павлодарда 6 жеделсатыларға қызмет көрсететін ұйым жауапкершілікке тартылды. Олар бір уақытта келісіп, қызмет құнын көтеріп жіберген. Тиісті мекемеле оларды тиісті жазаға да тарыпты. Өзге де монополиялық бұзушылықтар жайлы алдағы материалда.

Павлодар облысы бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті өңірдегі бәсекелестіктің жай-күйі мен мен дамуын зерттеп, онымен белсенді жұмыс жүргізеді. Ол бірнеше бағытты қамтиды. Мәселен, тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай күйі зерттеледі, монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері бойынша тергеу жүргізіледі және тауар нарығында анықталған кедергілерді жою жұмысы жасалады.

БЕЙБІТ МОЛДАБЕКОВ, БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Нарықты талдау, өтініштерді қарай қорытындысы бойынша департамент монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерінің болуы туралы 5 хабарлама шығарды. Ескерту шарасы ретінде жіберілген хабарламалар нарық субьектілеріне тергеу жүргізілгеннен кейін бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын өз еркімен жоюға мүмкіндік берді. Мәселен, «Қазақстан темір жолы» Павлодар магистральдық желі бөлімшесі монополияға қарсы органның тауар нарығына кіруді шектеуге бағытталған бәсекелестікке қарсы іс қимыл белгілерін жою туралы хабарламаны мерзімінде орындамаған. Департамент бөлімшенің лауазымды тұлғасына қатысты тергеу жүргізді, әкімшілік іс қозғалды.

Бүгінгі таңда департамент осындай бағыттағы 5 тергеуді аяқтады. Олардың қатарында бірнеше лифттерге техникалық қызмет көрсету компаниясы бірлесіп қызметтер құнын көтеріп жіберген жағдай да анықталды.

БЕЙБІТ МОЛДАБЕКОВ, БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Картельді келісім болғанын анықтадық. Яғни бірнеше компания келісіп, бір уақытта лифттерді жөндейтін, қызмет көрсететін құнды көтеріп жіберген. Факт анықталды. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Яғни олар өзара келісіп жасаған ғой. Біз анализ жүргізген кезде, бағаны көтеретіндей себеп те болмаған.

Сонымен қатар, департамент нарық субьектілерінің атына тиісті сауалдар жолдайды. Департаменттің нұсқамаларын орындамаған жағдайда әкімшілік іс қозғалады.

БЕЙБІТ МОЛДАБЕКОВ, БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Биыл осылайша Атамекен кентіндегі бөбектер бақшасы, Павлодар әуежайы, Индустрия связи компаниясы, Май аудандық ауруханасы жауапкершілікке тартылды. Олар 1,6 млн теңге айыппұл төледі. Себебі уақытында департаменттің сауалдарына жауап ұсынбаған.

Осылайша, Павлодар облысы аумағында бәсекелестікті дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүріп жатыр.

Самал Қалиқызы