Соңғы кезде лудоман деген сөз жиі естілетін болды. Оның кім екендігін, немен айналысытынын екінің бірі біледі. Құмар ойындарға тәуелдідік және онымен күрес жайында келесі сюжетте.
Соңғы кезде лудомания термині жиі айтылатын болды. Қазақшалап айтқанда ойынқұмарлық диагнозы. Бұл адам өмірінде негативті тұрғыдан басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық тұрғыдан және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлығы.
АРНА АПЛАШОВА, ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
Кейінгі 10 жылдарда лудомания интернет желісінің пайда болуымен көбейді. Бұл депресиия, жағымды эмоциялардың жетіспеушілігі. Екіншіден тұқымқуалаушылық болуы мүмкін. Бөлінбейді. Ол адам ойындарға құштарлығы бөлінбейді.
Лудомания басқа құмарлықтар сияқты ұзақ емделуді, оңалтуды қажет етеді. Лудомандарды емдеуге көбінесе ата аналары, достары, туған туыстары жүгінетін көрінеді.
АРНА АПЛАШОВА, ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
Емдеуге болады. Қолға алып қарастырса, психолог, психотерапевт сессияларына қатысу керек. Өзінің тәуелді екені мойындау. ЕМдуге болады ол мәселені.
Жалпы Павлодар қаласындағы республикалық ғылыми практикалық психикалық денсаулық орталығы 180 орынға шақталған. Қазіргі таңда еліміздің түкпір түкпірінен 9 адам ем алып жатыр. Мамандардың сөзінше рецидивпен қайта келетіндер бар екен.
Самал Қалиқызы