Қамзин көшесіндегі жаңа ТМ-13 жылу магистралінің құрылысы толығымен аяқталғанмен, абаттандыру жұмыстары мерзімінен кешігіп жатыр. Қала әкімі мердігер ұйым жұмысын сынға алып, айыппұл арқалайтынын баса айтты.

Көшедегі желілерге жүргізілген гидравликалық сынақта сәтті өткен. Алайда, мердігер көшені белгіленген мерзімде аяқтап үлгермеген. Қала әкімі Хасар Хабылбеков Қамзин көшесі бойымен Толстой көшесінен Циолковский көшесіне дейінгі жол төсемінің барлық кеңістігін асфальттауды тапсырды.

ХАСАР ХАБЫЛБЕКОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Біздің алдымызда жұмыстың аяқталу мерзімдерін нақты айтасыздар, бірақ талапқа сай орындалмайды. Қазанның 10-ына дейін барлық жұмыстар аяқталуы тиіс. Әр күн сайын келіп, өзім қатаң бақылауда ұстайтын боламын