Соңғы уақытта елімізде жасөспірімдер арасында суицид фактілері жиіліп кеткенін белгілі. Бұған не себеп? Психолог кеңесі қандай? Толығырақ алдағы сюжетте.

Павлодар облысында жыл басынан бері 12 жасөспірім суцид жасауға әрекеттенген. Олар 8-16 жастағы балалар. Бұл қоғамның өзекті проблемасына айналды. Жастар мұндай қадамға тығырықтан шығудың жолын таппай, өзің ешкімке керексіз сезінгенде барады екен.

СӘУЛЕ ШАКЕНЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ ОМБУДСМЕН

Менің ойымша, ата-ана баланың өміріндегі басты адам, басты байлық. Сондықтан олар баланың бойындағы әрекеттерін, мінез-құлқын бірден байқауы керек. Ешқандай компьютерлік ойындар суицид жасауға итермелейді деп ойламаймын. Әрі мұндай жағдайдан психолог, заң жұмыс істесе де баланы құтқара алмайды. Тек ата-ана баланың өмірінде бірінші болуы керек. Тым кеш болып қалғанда өкінбеу үшін дұрыс тәрибе қалыптастыруы тиіс

Иә, тәрбие тал бесіктен басталады. Дегенмен қазір қоғам гаджетке тәуелді. Сәйкесінше балалар да әлеуметтік желілерден түрлі нәрсе көріп, түрлі ойын ойнайды. Балалардың өз-өзіңе қол жұмсауына әкеп соғатын факторлардың негізі де ғаламтор.

Тұрғындардан дәл осы тақырып аясында сауалнама жүргізіп көрдік. Кейбір ата-ана жұмыстың көптігінен бала қарауға уақыт жетпейді дейді. Ал басқалары балаларын үнемі қатаң бақылауда ұстайтын көрінеді.

Жасөспірім шақ - өзінің ой-пікірі бар, оң-солын және жақсы-жаманды ажырата білетін кезең. Сондықтан, кеш болмау үшін балаға ерте жастан мәселенің мәнісін ашық түсіндірген жөн.

Қымбат Садық