Павлодар қаласының тұрғын үйлері 1-қазанда толық жылумен қамтылады. Әлбетте қазіргі уақытта басымдық тек әлеуметтік нысандарға беріліп отыр. Жылу маусымына мүлдем дайындалмаған үйлер де бар екен. Олардың жағдайы не болмақ? Толығырақ келесі сюжетте.

Павлодар қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес қала бойынша 9-қыркүйектен бастап жылу беріле бастады. Алдымен шаһардағы әлеуметтік нысандар жылу желісіне қосылды. 16 қыркүйектен тұрғын үй қоры жылумен қамтыла бастады. Қазіргі таңда 1300 үйдің 894-і жылуға қосылды. Қазанның біріне дейін қала толық қамтылады, деді қала әкімінің орынбасары.

ӘНУАРБЕК АМАНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Камзин көшесіндегі магистральға реконсструкция жасалды. Ұзындығы 2,6 шақырым. Одан қосылған 250 үй бар, бүгінгі таңда ол жұмыстарды аяқтадық. Қазіргі уақытта абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Осылайша биыл 13-ші жылу магистралі жөнделді. Құбырдың диаметрі 500 мм-ден 800 ммге дейін ұлғайтылды. Өткен апта соңында гидравликалық сынақтар жүргізіліп, сәтті аяқталды. Ал, Павлодарда бір күнде жылуға 100-120 үй біртіндеп қосылуда. Қазір шаһар бойынша 400-ге жуық көпқабатты үй жылусыз отыр. Жалпы қаладағы желілердің тозуы жоғары, сондықтан жылда көрсеткішті арттырып отырған дұрыс.

ӘНУАРБЕК АМАНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жылына 25-30 шақырым магистральдарды жөндесек тоқу жағдайын жақсарта аламыз. Мәселен биыл кварталішілік 27 шақырымды жаңарттық, одан бөлек 2,6 шақырым жаңарттық, осылайша биыл жалпы 30 шақырым магистральді жөндедік. Оған жылу желілерінің инвестициялық жобаларын қосыңыз.

Келесі жылы жоба мақұлданса, қаладағы 19 шақырым кварталішілік магистарльдар жөнделеді. Яғни жұмыстар 1 Южный, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Усолка ауданы, Амангелді көшелері бойында жүреді. Сараптама дайын, енді бәрі қаржыландыруға байланысты деді, қала әкімінің орынбасары.

ПАВЕЛ ПЛЕТУХОВ, «ПАВЛОДАР ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ» ЖШС БАС ИНЖЕНЕРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бізде 97 үйдің жылыту маусымына дайындығы 0 пайызды құрайды. Яғни олар жылу маусымына мүлдем дайындалмаған. Яғни осы дайындалмаған 97 үй жылуға өз беттерінше қосылып отыр. Олар осылайша гидравликалық режимді бұзады. Сәйкесінше әлеуметтік нысандар жапа шегеді. Талаптарды орындаса, бәрі дұрыс болар еді.

Одан бөлек, жер үйлерде рұқсат етілмеген жылу сорғылары да гидравликалық режимге әсер етеді. Жер үйлердің басым бөлігінде дайындық та көңіл көншітпейді деді, жылу желілерінің өкілі.

Самал Қалиқызы