Еңбек күніне орай кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.Онда 800-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Толығырақ алдағы сюжетте.

Жәрмеңке жұмыс іздеушілерге арналған үлкен мүмкіндік. Ал жұмыс берушілер білікті мамандар таба алады. Мансап орталығында өткен жәрмеңкеге 35 ұйым қатысты. 800-ден астам вакансия, ал электрондық еңбек биржасында 2000-нан астам вакансиялар тіркелген. Келушілер алдымен жұмыс орындарымен танысып, кеңе алды.

СҮЙІНДІК БӨТЕНОВ, «МАНСАП» ОРТАЛЫҒЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Жұмыс берушімен сұхбаттасады, өзіңе сол жұмыскер лайықты ма соны таңдайды. Жұмысшы да өзіңе лайықты, жұмыстың еңбекақысы, тұратын орыны, жағдайы келетін болса соған өзінің келісімін беріп,өзара қарым-қатынас орнатады. Тікелей жұмс берушімен жұмыс жасаймыз, ол тұрақты түрде жүргізіледі

Айта кетейік, облыста 236 бос жұмыс орындары бар. Оның ішінде 96 орын ұзақ мерзімге, 46 орын жоғары лауазымды қызметтерге тиесілі.

НАЗЫМ СӘДЕНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Аудандарды алсақ ең көп бос орын Павлодар, Успен, Ертіс және Железин аудандарында 10-нан астам бос орын бар. Бүгінгі бос орындар жәрмеңкесіне келіп отырған себебіміз жастарға мемлекеттік қызмет саласында енгізілген жаңартпалықтар мен толықтыруларды жеткізу және жастарды мемлекеттік қызметке тарту болып отыр

Жәрмеңкеге ірі ұйымдар, зауыттар қатысты. Солдардың бірі - аумақтық инспекция ұйымы. Оның негізгі бағыты – азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз ету. Бұл салаға қызығушлық танытқандар қатары да көп болды.

ЕРНҰР ЫҚЫЛАСОВ, ҚР АШМ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ ӨСІМДЕР МЕН КАРАНТИН ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Қазіргі таңда бізде көптеген вакняилдар шаылған. Соның ішінде бугхалтер, заңгер, ауылшуаруашылық саласында агрном, тиотехнолог керек. Резюмелерін алып жатырмыз

Мұндай мазмұндағы жәрмеңкелер өңірде ай сайын өткізіледі. Бұл жолғы шара еңбек күніне орай ұйымдастырылды.

Қымбат Садық