Соңғы 3 жылда колледж студенттерінің жалпы саны 5000 адамға өскен. Ал өңірімізде студенттер техникалық және кәсіптік біліммен қалАй қамтылады? Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.

Ағымдағы жылы бюджет қаражатынан колледждерде тегін оқуға мемлекеттік білім беру тапсырысының рекордтық көлемі бөлінген, ол 6200 орынды құрайды, Ал, "Жас маман" жобасы аясында заманауи жабдықпен жаңа зертханалары бар 10 оқу орны бар, онда 12 мамандық оқытылады. Колледждер базасында 10 құзыреттілік орталығы ашылған. Бүгінгі таңда мақсатты тапсырыс аясында облыс колледждерінде 1040 студент бар. Оқудағы басты маңызды факторлардың бірі - тегін кәсіптік білім беру жүйесі.

ҚАРЛЫҒАШ АСАИМОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Облыста колледж жанындағы 32 жатақхана жұмыс істейді. 2021 жылдан бастап "Жаңа кәсіптер мен құзыреттердің аймақтық атласы" атты жоба іске асты. Форсайт-сессиялардың қорытындысы нәтижесінде біздің өңір үшін 40-тан астам маңызды мамандықтар анықталған. Ағымдағы оқу жылында 34 колледжде осы жобамен қамтылған 40 мамандық оқытылады. Онда 4000-нан астам студент қамтылған. Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер дипломмен және жаңа мамандықтар бойынша курсты оқу және шығармашылық индустрияда жұмысқа орналасу туралы сертификат алады

Айта кетейік, биыл 9 және 11 сыныптиы 15 мыңнан астам оқушы аяқтаған. Осы орайда білікті жұмысшы кадрларды дайындау үшін колледж базасында 70-тен астам мамандық бар. Тегін білім алу үшін 9 сынып түлектері 25 маусым мен 18 тамыз, 11 сынып түлектері 25 маусым мен 20 тамыз аралығында өтініш бере алады. Ал, ақылы түрдегі оқуға 25 маусым мен 25 тамыз аралығында және кешкі немесе сырттай оқыту жүйесіне өтінішітер 25 маусым мен 20 қыркүйекке дейін қабылданады.

ҚАРЛЫҒАШ АСАИМОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Биыл 1 қыркүйектен бастап стипендия мөлшері 50% - ға өседі. Оның ішінде жұмысшы мамандықтар 43 574 теңге, орта буын мамандықтары 41 896 теңгені құрайды. Екіншіден, студенттер тамақпен, жатақханамен қамтамасыз етіледі, Үшіншіден ақылы практикадан өткенде 80 мыңнан 250 мың теңгеге дейін жалақы алады, бұл ретте практика кезеңі еңбек өтіліне есептеледі. Төртіншіден үздік оқығандар шетелдік тәжірибеден өте алады. Сонымен қатар, оқуды бітіргеннен кейін жұмыспен қамтылады

Айта кетейік, өңірде 42 колледж бар. Соңғы жылдары техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі де артып келеді. Олардың қатарында слесарь, құрылысшы мамандықтары сұранысқа ие.