Павлодарда 2 адам суға батып, мерт болды. Оқиға Екібастұз ауылдық аймағы мен Железин ауданында болған. Олар белгіленбеген орындарда суға шомылыпты.

 Біреуі Ертіс өзеніне, екіншісі Қаныш Сәтбаев атындағы су арнасына батып кетті. Екеуі де ер адам. Жастары отыз сегіз және отыз екілерде. Құтқарушылар марқұмдардың денесін тек 2 күн өткен соң ғана тапты. Бұған судың терең болуы қиындық тудырған. Өңірде жалпы жыл басынан бері 3 адам суға кетіп, қаза тапты.

Темірлан ЖАПАЛБАЙ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МАМАНЫ

Адам қаза тапқан жердегі тереңдік 20 метрді жеткен. Сондықтан іздейтін құтқарушыларға келетін болсақ, әр құтқарушы осы тереңдікке шыға алмайды. Арнайы дайындықтан өтуі керек. Арнайы рұқсат болу керек. Сол себепті бізде екі жерде іздеу жұмыстары жүргізілді.