Павлодарда халықаралық есірткі қылмысына қарсы күрес күніне орай акция өтті. Бастамаға еріктілер үлесін қосып, жастарға оның зияны туралы ақпарат таратты. Толығырақ алдағы сюжетте.

Маусым айының басынан бастап "қара сора" ОПМ шеңберінде тыйым салынған заттарды сақтауға және өткізуге байланысты 18 қылмыс анықталған. Есірткі қылмысына қарсы күрес күнінде өткен акция барысында полиция мен дәрігерлер қала тұрғындарының назарын оның зияны мен зардаптарына аударды.

Сонымен қатар, акцияда еріктілер сауда орталығындағы адамдарға есірткінің зияны туралы парақшалар таратты. Жас әртістер мен спортшылар өнер көрсетті. Олар өмірде бос уақытты пайдалы өткізуді дәріптеп, есірткісіз болашақты көздейтінін жеткізді.

Қымбат Садық