Балалардың жазғы уақытын дұрыс әрі тиімді ұйымдастыру мақсатында жыл сайын Ертіс ауданының номері екінші жалпы орта білім беру мектебі жанында "Жауқазын" жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастайды. Лагерь биыл да оқушылар үшін қызықты бағдарлама әзірленді.

Мектеп әкімшілігінің айтуынша лагерь тәрбиеленушілері үшін әр түрлі іс-шаралар, кездесулер, экскурсиялар ұйымдастырылады. Балалар Ертіс ауданының полиция бөліміне, орталық мешітке, өрт сөндіру бөліміне, ауданның ең биік ғимараты "Элеваторға" барып, ондағы жұмыспен танысты. Сондай-ақ, аудан мектептерінің оқушылары Мүбәрак Жаманбалинов атындағы кабинетті де тамашалауда.

Кабинетте балалар демалып, көңіл көтеріп қана қоймай, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ақынның шығармашылығымен кюар код арқылы танысады. Оқушылар өз кезегінде ақынның жеке заттарымен танысып, кітап, сурет көрмелерінен алған әсерлерімен бөлісуде.

Жанасыл Серікбол