Павлодар қаласының орталық кітапханасының құрылғанына 45 жыл толды. Кітапхана осы уақыт аралығында мыңдаған оқырманды асыл оймен сусындатып келеді.

Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханасы алғаш рет 1938 - жылы өзеншілер Клубының бөлмесінде ашылған болатын. Ол кезде кітапхана қоры 373 дана болды. Кейін 70 жылдары жаңа ғимаратқа көшірілді. Ал, 1978 жылы қазіргі Торайғыров көшесі 44 бөлшек 1 мекенжайына орналастырылды. Дәл осы жыл кітапханының толыққанды қалыптасып, оқырмандарға қызмет ете бастаған кезі болып саналады.

Бүгінде кітапхана тек кітаптарды сақтаушы орын емес, мәдени орталық. Жастарды әлеумететіндерін орын. Рухани шуақ шашатын орда.

Кітапхана сөресі сан түрлі баспалардан шыққан ақыл ой қазынасына толы. Көркем әдебиет, салалық ғылыми әдебиеттер- бәрін табуға болады.

Бұнда айына кем дегенде 5-6 рет іс-шара өтеді. Студенттердің, тұрғындардың жиі бас сұғатын киелі орны.

Жанасыл Серікбол