Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының кезекті премьерасы көрерменге жол тартпақ. Театр сүйер қауымға Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым –Қожа» повесінің желісі бойынша қойылым ұсынылады. Толығырақ – алдағы сюжетте.

Биыл балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтің дүниеге келгеніне – 100 жыл. ЮНЕСКО көлемінде атап өтілетін мерекеден Аймауытов театры да қапы қалмады.

ӘДІЛЕТ АҚАНОВ, Ж. АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

 «Қожа» қойылымының тәрбиелеік мәні, мағынасы бар. айтар ойы бар үлкен шығарма. Үлкендерге өте жақсы ностальгия. Кинодағы сүйікті рөлдерін, актерларын театр сахнасында көріп, басқаша күйге бөлеп, 1 жарым сағатта театрға келегн кезде, өздерін басқа әлемге түскендей сезінсін деген ниет.

Қойылым режиссері – Жангелді Садықов, сахналық нұсқасының авторы – Талған Садықов, қоюшы суретшісі – Айсұлу Шарипова. Спекталь хор мен әндерге толы болмақ. Айта кету керек, бұл – театрдың 35-маусымындағы соңғы премьерасы. Туындыны 25 және 26 маусым күндері театр сахнасынана тамашалай аласыздар!

Жұлдыз Қабылденова