Павлодарлық «Ертіс» футбол клубында өзгерістер. Бас бапкер міндетіне Николай Гавриш тағайындалды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Жақында жерлестеріміз Семейлік «Елімай» футбол клубына есе жіберген. Ойын нәтижесі 3-те 1. Осы додадан кейін «Ертіс» клубында өзгерістер пайда бола бастады. Бас бапкер болып Николай Гавриш тағайындалды.

НИКОЛАЙ ГАВРИШ, «ЕРТІС» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ

Мен үшін бұл үлкен мәртебе. Мен қуана-қуана осы клубты, осы тарихты және қаланы қабылдадым. «Ертіс» футбол клубымен бірге болатыныма қуаныштымын.

Қарағандылық Николай Николаевич 2021 жылы Литва чемпиондары атағын және кубогын жеңіп алды. Чемпиондар Лигасының іріктеу жарыстарына қатысып, тарихи жетістіктерімен - еурокубоктардың топтық кезеңіне шығып үздік нәтиже көрсетті. Жиын барысында ол команданың жетістігі тек бапкердің жұмысы болмауы керектігін айтты.

НИКОЛАЙ ГАВРИШ, «ЕРТІС» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ

Менде ешқандай кедергі болмайды деп ойлаймын. Себебі бүгінгі дейінгі нәтиже жаман емес. Тәжірибелі ойыншылармен жұмыс істеп көрдім. Сондықтан жасыл аланда кедергі болады деп ойламаймын.

Айта кетейік, жерлестеріміз 25 маусым күні өз алаңдарында «Қызыл-Жар» фуьбол клубын қабылдайды!

Байтұрсын Жұмабай