Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Әуелі, номері бірінші қалалық ауруханасын реконструкциялау барысын тексерді. Артынша, «Достық» шағын ауданындағы 12000 орындық мектеп құрылысына ат басын тіреді.

Номері бірінші қалалық ауруханасын жаңғырту жұмыстары 2022 жылы шілде айында басталған. Аурухананы ауқымды реконтрукциялау арқылы қызмет көрсету сапасын замануи жетістіктермен толықтыру көзделген. Оған қымбат медициналық құрылғыларды сатып алу да кіреді. Сонымен қатар, аурухана ғимаратын да жаңарту мақсаты бар. Мәжіліс депутаттары аурухананың құрылыс барысымен танысты. Жалпы ахуалды саралады.

Артынша депутаттар «Достық» ықшам ауданында салынып жатқан 1200 орындық жайлы мектептің құрылыс барысымен танысты. Білім ордасы заманауи талапқа сай салынады деп жоспарланған. Екі спорт зал, екі асхана, сыртқы спорт алаңдары да болады. Бұл жаңа білім ордасы қаладағы орын тапшылығын айтарлықтай реттейді деген үміт бар.

Құрылыс барысын тексерген депутаттар мектеп құрылыс аяқталып, қолданысқа берілгеннен кейінгі мәселерді қазірден бастап ойластыру қажеттігін айтты.

Білім ордасының құрылыс биыл аяқталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Жанасыл Серікбол