Сондай-ақ, депутаттар Достық үйінде өткен Қаржы және бюджет комитетінің «Бюджетпен қамтамасыз етуді теңестіру және өңірдің салық әлеуетінің өсуін ынталандыру» атты көшпелі отырысына қатысты. Экранға зер салайық.

Көшпелі отырысқа қаржы және бюджет комитетінің хатшысы мен мүшелері, Ұлттық экономика вице-министрі, облыс әкімі аппаратының басшысы, депутаттар қатысты. Қатысушылар бюджетаралық қатынастар, оны Павлодар облысында іске асыру, бюджетаралық қатынастарды реформалау тәжірибесі» тақырыптарында өз баяндамаларын жасады.

Айта кетейік, өңір басшымен болған кездесуде өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй құрылысы саласындағы өсудің оң серпіні туралы айтылды. Ал, бүгінде Қазақстандағы 20 облыстың 17-сі табысы төмен өңірлер болып табылады. Павлодарда бұл көрсеткіш 37% - ды құрайды.

АЗАМАТ ӘМІРИН, ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ

2022 жылы қолданыстағы трансферттерді есептеу сатысында облыс өзін-өзі қамтамасыз ете алады. Өңірлік экономиканы дамыту арқылы жергілікті бюджеттердің кірістерін нығайтуға, бюджеттік трансферттерді жоспарлауға мүмкіндік бар

Көшпелі отырыстың қорытындысында бюджетаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер бақылауға алынды. Ал уәкілетті органдар облыстың салық әлеуетін арттыру бойынша одан әрі жұмыс жүргізетін болады.

Қымбат Садық