Павлодарда табиғи монополиялар заңын бұзғандарға қатысты 9 әкімшілік іс қозғалды. Оларға жалпы сомммасы 28 млн. теңгеден асатын айыппұл салынды. Заңға бағынғысы келмейтіндермен күрес күшеймек. Толығырақ тілшіміз біліп келді.

Биыл «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында 15,3 млрд теңгенің жобасы мақұлданды. Бұл көрсеткішті 2027 жылға дейін 64 млрд-қа жеткізу көзделген. Өңір бойынша 55 табиғи монополия субъектісі жұмыс істейді.

Биыл «Павлодар су арнасы» ауыз судың құнын 72 теңгеге көтерді. Бұрын тұрғындар 58 теңге төлеген болатын. Бұған монополист компания су беруге кететін шығындар өсуі себеп болғанын алға артты.

Бұдан бөлек кәріз желісі үшін де тариф құны қымбаттады. Бұрын тұрғындар 31 теңге төлеп келсе, жаңа тариф бойынша 34 теңгеге өсті.

Ал электр энергиясының да бағасы өскен болатын. «Павлодарэнерго» кәсіпорынының айтуынша, тоқ көзінің қымбаттауына электр энергиясын тарату мен оны сатып алу шығынның көбеюі себеп болған.

Өзгеріс Қуанар