Былтыр облыста іс жүзінде қызмет көрсетілмей, тауар тиеп-жөнелтілместен шот-фактура жазу бойынша 30 қылмыстық құқықбұзушылық анықталған. Ал биылғы көрсеткіш қандай? Қауіпті және күдікті қаржылық операциялардың алдын алу жұмыстары қалай жүргізіледі? Бұл туралы тілшіміз баяндайды.

Жалған шот-фактура жазу – заңға қайшы әрекет. Аймақта 2024 жылдың 5 айында осы мәселе бойынша 16 қылмыстық іс тіркелді. Оның 14-і сотқа жіберілді, екеуі – қазір өндірісте.

ЖОЛАМАН ҚИНАЛБЕКОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БІРІНШІ ЖЕДЕЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Біз екінші деңгейдегі банктермен де жұмыс жасаймыз. Жылдан жылға алға қойған мақсаттарымыздың бірі – ақша шешуді төмендету. 2023 жылы заңды тұлғалардың ақша шешу көлемі жоғары болса, биыл көрсеткіш 23 пайызға төмендеді

Облыстағы жүйелі мәселелердің бірі – заңсыз астық импорты. Ол өңіріміздің экономикасына және шаруа қожалықтарына зиян тигізеді.

Жалған шот-фактура жасағаны үшін ҚР қылмыстық кодексі бойынша бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген. Ал қаражат көлемі 20 мың аек-тен төмен болса, әкімшілік кодекс бойынша айыппұл төлейді. Егер сізде күдікті қаржылық операция туралы ақпарат болса, Толстой көшесі 98 мекенжайында орналасқан экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгіне аласыз. Сондай-ақ республикалық колл-орталық жұмыс істейді. Номері – 1458

Жұлдыз Қабылденова