Өңірде басталған репродуктивті денсаулық апталығы аясында қандай іс-шаралар өтеді? Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде айтылды. Толығырақ алдағы сюжетте.

Репродуктивті апталық – жүкті болу, босану, және бала туу мүмкіндігіне қатысты медицина бағыты. Дәрігерлердің айтуынша, әсіресе, жастардың осы мәселеден құлағдар болғаны жөн. Әрбір науқан қатысушысы репродуктивті денсаулық туралы сенімді ақпарат алып, білікті мамандарға сұрақтарын қойып, тексеруден өтіп, салауатты болашаққа қадам жасай алады.

АЙГҮЛ МҰҚЫШЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүкіл біздің Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында және аудандықтарда облыс бойынша бізде емханалдарда пациенттердің кеңесімен ашық күн жарияланды. Онлайн-транслиция және ақпаратты материалдар, кітапшалар тарату болады

Сондай-ақ, апталық әртүрлі инфекциялардың таралуының өсуі, жатыр мойны қатерлі ісігіне арналған екпелерге бағытталған. Медицина қызметкерлері әйелдің репродуктивті денсаулығы нәзік келетіндіктен ерте жастан бастап жеке бас тазалығына, иммунитетке дұрыс қарау керектігін айтады.

ГҮЛНАР БУРАТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ М. А.

Некеге дейін қыздардың денсаулығын нығайту, жүктілікті алдын ала жоспарлау қажет. Қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету болашақ ұрпақтың өмірінің басталуына қолайлы жағдай туғызады

Жалпы, ашық есік күндері репродуктивті денсаулыққа кері әсер ететін факторлардың алдын алуды мақсат етеді. Мәселен, облыстағы жастар денсаулық орталығы 10-35 жас аралығындағы балалар мен жастарға медициналық, емдік-профилактикалық және психологиялық көмек береді.

АЙГҮЛ БӘТЕСОВА, "ALMAZ MEDICAL GROUP" ЖШС ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Жастар денсаулық орталығының төрт қағдиласы бар. Ол МӘМС шеңберіндегі медициналық қызметтердің тегін көрсетілуі, ерікті түрде қызметті таңдау, және жастар орталығында жайлы атмосфера, сенім мен достық қалыптасқан. Біз әрқащан ізгі ниетте көмек көрсетеміз-01:17

Акция облыс тұрғындарының репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттырып, медициналық тексерістен өтіп, кеңес алған адамдардың санын көбейтіп, қазақстандықтардың репродуктивті денсаулығын жақсартуға ықпал етеді деп күтілуде.

Қымбат Садық