Осы аптада елімізде репродуктивті денсаулық тақырыбы кеңінен талқылануда. Сондықтан облыстық перинаталдық орталық та аталмыш апталықты негізге алып, ашық есік күнін ұйымдастырды.

Репродуктивті денсаулық - бұл толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың жай-күйі ғана емес, ол адамда аурулардың болмауы. Дертті алдын алу үшін медициналық мамандар қарапайым негіздерді ұстануға шақырады.

ҚҰРАЛАЙ ОРАЗХАНОВА, ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ ДӘРІГЕРІ

Репродуктивті денсаулықтың нашарлауына әсер ететін факторлардың бірі ол нашақорлық, шылым шегу, зиянды заттарды қолдану және әртүрлі стрессті ситуациялар. Қазір Қазақстан бойынша салауатты өмір салтын сақтау үшін апталық өтіп жатыр. Негізгі мақсат осы денсаулықты сақтауды түсіндіру.

Перинаталдық орталықтағы ашық есік күніне 20-дан астам жүкті келіншек қатысты. Олар дәрігерлердің шеберлік сабағын тыңдап, репродуктивті денсаулық тақырыбында мол мағлұмат алды.

АЙДАНА ЕЛЕУОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Осы перинаталдық орталыққа мені ауруханадан жіберді. Бүгінгі дәрігерлердің лекциясын тыңдадым. Қандай емшараларды қолдану керектігін айтты. Болашақ аналарға осындай мастер кластар көбірек болса екен. Перинаталдық орталыққа алғысымды білдіремін.

Айта кетейік, білікті мамандар репродуктивті денсаулық, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу, отбасын жоспарлау, адам папиллома вирустары, ерте жастан жүктіліктің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.

Самал Қалиқызы,