Біз қабылдап жүрген вакциналар қаншалықты қауіпсіз әрі сенімді? Соңғы кезде екпелерден бас тарту жағдайлары жиілеп кетті. Сәйкесінше вакцина салдырмаған балалар мен ересектердің түрлі жұқпалы ауруға шалдығуы көбейді. Жалпы екпелердің пайдалы әрі зиянды жақтары туралы келесі сюжетте.

Әлеуметтік желіде екпенің кесірінен зардап шеккен балалар жайлы ата-аналары жиі ақпарат таратып, сәйкесінше көбісі вакцинадан бас тартып жатады. Екпеден кейін түрлі реакциялар кездеседі. Бірақ адамдар кез келген дәрі-дәрмектен кейінгі реакцияның болуын ұмытпау керек.

ОЛЕГ БЕНЕШ, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫ ЕУРОПАЛЫҚ ӨҢІРЛІК БЮРОСЫНЫҢ ӨКІЛІ

Қазіргі уақытта себебі әлі де белгісіз аурулар көп. Мысалы балалардың сал ауруы, аутизм. Ата-аналар екпеден кейін пайда болады деп жатады, бірақ мамандар біледі. Ондай диагноздар вакцина болмаған кезде де болған. Бірақ ол вакцина салғанға, салмағанға байланысты емес. Себебі біз оның бәрін салыстырамыз, екпе салғаннан кейін қаншалықты ауырғандар көбейіп жатқанын тексереміз. Бірақ оған дәлел жоқ. Яғни екпе кесірінен әлемде мәселен балалардың сал ауруы көбейді деген фактілер, дәлелдер жоқ.

Осылайша мамандар, ешбір вакцина аурулардың жиілеуіне әкеп соқтырмайды дейді. Себебі Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен белгілі бір екпені алу кесірінен белгілі бір аурудың өсу фактілері тіркелген жоқ деп отыр.

ОЛЕГ БЕНЕШ, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫ ЕУРОПАЛЫҚ ӨҢІРЛІК БЮРОСЫНЫҢ ӨКІЛІ

Бүгінгі таңда өндіруші шығарып отырған вакцинаның бірде бір партиясы нарыққа алдын ала тексеріссіз түспейді. Бұл өндіруші көлемінде ғана тексерілмейді, себебі өндірушіге бағынбайтын құрылымдар да бар. Олар да екпенің сапасын бақылауда ұстайды. Әлем бойынша екпенің пайдасы не зияны тиген кез-келген факті назарға алынады. Себебі сол арқылы вакцинаның сапасы тексеріледі.

Олег Бенештің сөзінше, кез келген сырқаттың салдары вакцина реакциясынан әлдеқайда қауіпті. Мәселен биыл елімізде көкжөтелдің эпиджағдайы ауыр. Аталған ауруға шалдыққан 2 бала қайтыс болды. Себебі олардың ата аналары иммунизацияға сенім білдірмей, қарсылық танытты. Осыдан-ақ, вакцина алудың қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады.

 Самал Қалиқызы