Павлодар қаласындағы ақпараттық колледж студенттері диплом алды. Жалпы биыл 200-ден астам түлек аталған білім ордасын тәмамдады. Толығырақ келесі сюжетте.

Павлодар қаласындағы ақпараттық колледждің студенттері 4 мамандық бойынша білім алады. Жалпы мында 1200-ден астам жастар оқиды. 240 студент биыл оқу жылын тәмамдап, дипломдарын қолға алды. Түлектер жоғары орны мен жұмыс орнын таңдап қойған.

МҰСА ТӨЛЕУ, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТҮЛЕГІ

Осы жылы мен өзімнің оқуымды бітіріп жатырмын. Оқуымнан кейін Сәтпаев университетіне түсемін. Мен колледжде бағдарламамен қамтамасыз ету мамандығында оқыдым.

Түлектермен қатар ата-аналар да қуанып, балаларының болашағы үшін тақымын қысып отыр.

БӘТИМА АХМЕТЖАНОВА, АТА-АНА

Бұл колледжде менің ұлым бітіріп жатыр. Үш жыл оқып, бұл колледж өте жоғары дәрежеде білім береді. Жақсы қасиеттерге баулиды балаларды. Біз ата аналар соған ризамыз. Қызыл дипломға бітіріп жатыр, өзінің таңдаған мамандығы.

Ұстаздар да студенттерін қимай, үлкен сапарда ақ жол тіледі. Жалпы колледждің 11 тобы мантия киіп, қызыл кілеммен жүріп өтті.

ӘСЕМ ҚҰРМАНҒАЗИНА, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

Биыл міне өз тобым оқуын тәмамдап, колледжден ұшқалы отыр. Оның ішінде 7 қызыл диплом, 18 жай диплом алады. Жарты топтың баласы жұмыспен қамтылған, оқуға түскелі жатыр. Студенттерге ақжол тілеймін.

Айти- бағыт еліміз үшін өте маңызды. Минут сайын дамып жатқан әлем көшінен қалмау мақсатында жаңашылдықты қабылдаған жөн. Осы ретте ақпараттық колледждің берері мол, себебі ел игілігі мен ертеңіне еңбек ететін азаматтар тәрбиелейді.

ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

Бүгін айти колледжді 265 түлек аяқтап жатыр. Бұл дегеніміз айти бағдарлама, цифрлық технологиялар бағытында жаңа адамдар келеді деген сөз.

Сонымен қатар, әлеуметтік қолдау демеушілері студенттерге тосынсый жасады. Елімізге танымал, әрі жас әнші, “Әр әйел бақытты болуға лайықты”, “Ландыши” әндерінің орындаушысы Жаздаурен қонақ ретінде шақыртылды.

Самал Қалиқызы