Биыл Қазақстан республикасы президентінің жанындағы жастар саясаты кеңесі жас мамандарға премия жариялады. «Жас кеңес сыйлығын» кімдер ала алады? Сыйлық қандай аталымдар бойынша беріледі? Келесі сюжетте.

 «Жас кеңес сыйлығы» - еліміздегі алғаш тәуелсіз премия. Сайыста 7 аталым бойынша үздік жас мамандар марапатталады. Негізгі мақсат – күнделікті еңбегі жиі байқалмайтын салаларда жұмыс істейтін қызметкерлерге қолдау көрсету.

ГҮЛЗИРА АТАБАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ

Алғашқы номинация «Жанқиярлық» - құқық қорғау, авариялық-құтқару және қоғамдық қауіпсіздік жүйесінің қызметкерлеріне, «алтын жүрек» номинациясы орта және кіші медициналық персоналға, «өнеркәсіп» номинациясы түрлі өндірістік сектор қызметкерлеріне, «болашақ туралы қамқорлық» педагогтар мен инклюзивті оқу орталықтарының қызметкерлеріне беріледі. Елімізде болған су тасқыны кезінде зардап шеккендерге көмек көрсеткен еріктілер үшін «көмек қолы» аталымы, балалар және қарттар үйлері сияқты әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым қызметкерлеріне «адамгершілік» номинациясы, сондай-ақ коммуналдық және инфрақұрылымдық қызмет, пәтер иелерінің кооперативі және мүлік иелерінің брлестіктері қызметкерлері т.б. ұйымдар үшін «біздің үй» аталымы бар.

Сайысқа 35 жасқа толмаған азаматтар өтінім бере алады. Байқауға қатысу үшін белгілі бір құжаттар тізімі қажет.

ГҮЛЗИРА АТАБАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ

Міндетті түрде pdf форматындағы жеке куәлік, егов порталынан сотталмағаны туралы анықтама, жұмыс өтілі туралы анықтама және 300-500 сөзден құралған мотивациялық эссе болуы керек. Эсседе неге дәл сіздің премия иесі болуыңыз қажет екендеріңіз туралы жазасыз. Жұмыс берушінің ұсыныс хаты, алғыс хаттар, сұхбаттары т.б. жұмысы туралы ақпараттар да ұсыныладыт»

Тіркелу 18 маусым мен 21 шілде аралығында өтеді. Қазір 80-нен аса өтінім келіп түскен. Айта кетейік, байқау қорытындысы бойынша әр аталымның екі жеңімпазы анықталады. Олардың әрқайсысына 1 миллион теңге сыйлық табысталады.

Жұлдыз Қабылденова