Орманды тілсіз жаудан сақтау – басты міндетіміз. Осы орайда "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында өрттің қауіпті кезеңің қадағалайтын арнайы жүйе орнатылған. Жалпы, өрт маусымындағы қауіпсіздік жұмыстары қалай жүреді?Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.

"Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында өртті ерте анықтаудың автоматтандырылған жүйесі жұмыс істеп тұр. Мұнда жоғары сапалы бейнекамералар орнатылған. Бұған дейін мұнараларға бақылауды резерват мамандар жүргізіп келген. Іске қосылған жүйе өрт ошақтарын дер кезінде анықтауға және тиісті мекемелерге жедел ақпарат беруге мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, бұл құрылғылар арқылы орман өртінің алдын алуға болады.

ИГОРЬ ЛАЩОНОВ, "ЕРТІС ОРМАНЫ" ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТЫНЫҢ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.

Барлығы 23 бірлік антенна орнатылған және тәуелсіз түтін датчиктерінің желісімен қамтылған. Оларда бейнебақылау камералары орналасқан. Мұнара тәулік бойы онлайн режимінде патрульдейді–Жүйеде арнайы термобейнелеу бақылауы бар, соның көмегімен түтін шыққан нүктелер байқалады. Жақын арада 2 өрт анықталып, дереу өшірілді. Барлық ақпарат автоматты режимде тәулік бойы жұмыс істейтін диспетчерлік қызметке түседі.

Сонымен қатар,тілсіз жау алқымнан алған мезетте барлығы сақадай сай тұрады. Қызметкерлер қажетті құрал-саймандармен, керекті киім-кешекпен жабдықталған. Резерваттың алыста орналасқан аумақтарындағы қызыл жалынды ауыздықтау үшін сол маңайға жақын орналасқан су сақтайтын қоймалары бар.

Айта кетейік, "Ертіс орманы" табиғи резерватында 6 орман өрті тіркелді, оның бесеуі найзағай түсуінен, қалған біреуіне жергілікті халықтың қателігінен орын алған. Резерват балансында бүгінгі күні 38 өрт сөндіру машинасы, 37 трактор және өртке қарсы құралдар бар. Еске салайық.орман өртін болдырмау мақсатында өңір басшысының қаулысымен табиғи резерватқа кіруге тыйым салынған.

Қымбат Садық