Облыстық әкімдікте өңір басшысының қатысуымен аппарат жиыны өтті. Ол судағы қауіпсіздік пен жолаушылар тасымалы, «Ауыл-ел бесігі» жобасына қатысты болды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Шомылу маусымы басталғаннан бері өңірде бірнеше оқыс оқиғалар орын алды. Ертіс өңірінде бес адам, оның ішінде екі бала суға батып кетті. Рейдтер барысында 452 000 теңгеге 35 әкімшілік хаттама толтырылған. 32 жағажай зерттеліп, 70 қоғамдық құтқарушылар оқытылған.

ҚАЙРАТ ШАЙМЕРДЕНОВ, ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жыл басынан Павлодар облысында адамдардың суда қаза табуының 6 фактісі, шомылу маусымының басынан бастап 5 факт тіркелді. Оның ішінде 2-еуі бала. Шомылуға тыйым салынған жерлерде 177 тыйым салу белгілері орнатылып, 43 орын 2 ГИС мобильдік қосымшасында ыңғайлықпен халықты ақпараттандыру үшін көрсетілген

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ ҚАЛАЙ ІСКЕ АСУДА?

Бұдан кейін аппараттық жиында "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасының іске асырылу барысы да қаралды. Бүгінгі таңда іске асыру сатысында 47 жоба бар, оның ішінде алтауы әлі басталған жоқ.

ИРИНА НАЗАРЧУК, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

47 жобаның 12-сі аяқталу сатысында. Шамамен 1 қыркүйекке дейін аяқталады. Ол жобалардың қатарында – Құндыкөл ауылындағы жарықтандыру, Ертіс, Панфилов ауылдарындағы көшелерді жөндеу сияқты мәселелер бар. Бұл қаржыландырудың болмауынан туындаған болатын

2025 жылы "Ауыл – ел бесігі" жобасымен 12 100 адамнан тұратын 15 ауылды қамту жоспарлануда. Осы елді мекендерді жаңғырту үшін 14 млрд. теңге қаражат бөлінеді. Өңір басшысы тиісті сала мамандарына жұмысты күшейтуді тапсырды.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІ

Әр Әлеуметтік нысан құрылысының жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталуы тиіс. Бұл жерде ешқандай кешіктіру, жұмыстардың қарқыны ақсаңдау деген болмау керек. Сондықтан сіздер толықтай жауапты боласыздар

Сонымен қатар, Ақтоғай ауданында спорт кешенінің құрылысы 1 тамызға дейін аяқталады деп жоспарланған. Және Қараоба ауылындағы спорт нысанын салу жұмыстары жалғасып жатыр.

ҚАРШЫҒА АРЫНОВ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Аудандық бюжеттен жобаның аяқталуына 26 млн.теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алулар конкурысы жарияланды. Конкурстың аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың 13 шілдесіне дейін. Жұмыстарды қыркүйек айында аяқтау жоспарда бар

Бұл мақсатта Ақсу қаласында да бірнеше тың жобалар қолға алынды. Мәселен, былтырғы жылдан бастап 4 спорт кешенінің құрылысы басталды.

НҰРЛАН ДҮЙСЕНБИНОВ, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Үштерек ауылындағы спорт кешені құрылысы бойынша мердігер «ПромЖлстрой» ЖШС анықталды. Алғабас ауылында мынадай жағдай болып жзатыр: республикалық бюджеттен трансферден ары түскен жоқ, ол 365 млн теңге. Облыстық бюджеттен 30 пайыздық 12 млн теңге қаражат төлем ретінде төленді

Өңірде 7 халықаралық, 34 облысішілік және 68 ауданішілік, 69 қалалық маршруттар бар. Алайда, Ақсу қаласының тұрғындары аптап ыстықта қоғамдық көліктің іші ыстық, желдеткіштер жұмыс істемейді деген наразылық білдірген. Қала әкімі мәселені басты назарға алғанын жеткізді.

НҰРЛАН ДҮЙСЕНБИНОВ, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгінгі күні бізде 26 автобус бар. Оларды шақырып, талаптар қойдық. Қазір олар автоубстарды жаңғырту бойынша жұмыс істеп жатыр. Жұмыс жүргіземіз

Сонымен қатар, Павлодар қаласына қосымша 30-дан астам қоғамдық көлік жыл аяғына дейін жеткізіледі. Бұл арқылы автопарк 82 пайызға жаңарады.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІ

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Павлодар қаласы әкімі 1 қазанға дейін Павлодар қаласының қоғамдық көліктерінде диспетчерлік қызметін енгізуді аяқтасын. Аудандар әкімдері жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесіп 15 шілдеге дейін қалған 33 ауылдық елдімекенде жолаушылар тасымалын арттыру бойынша ұсыныстар енгізсін

Өңір басшысы жиындағы түйткілді сұрақтарды басты назарға алып, сала мамандарына жауапты болуды жүктеді.

Қымбат Садық