«Ертіс орманы» резерватына жататын Шалдай орман шаруашылығы өңірдің ірі қарағай қоры. Қазір мұнда қылқан жапырақты көшеттерді арамшөптен тазарту жұмыстары жүргізілуде. Олардың күтіп, баптау тәсілдері жайында алдағы бейнематериалда.

Орман байлығы біздің өңірде ғана емес, бүкіл ел бойынша маңызды. Тіпті әлем бойынша десек те артық болмас. Өйткені, атмосферадағы оттегі осы орманнан бөлінеді. Яғни, жер бетінде орман болмаса адамзаттың өмір сүруі де тоқтайтын еді. Демек, Ертіс орманы резерватына жататын Шалдай орманы өңіріміздің баға жетпес байлықтың бірі. Қазір мұнда қарағай өскіндерін арамшөптен тазалап, қызметкерлер тынбай еңбек етуде. Мұнда, біржылдық қарағай көшеттері 4,95 га, екіжылдық қарағай 8,6 га құрайды.

МАРИНА НЕЗБАЕВА, ОРМАНДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ИНЖЕНЕРІ

Қазіргі уақытта біз күтіп-баптау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Оның ішінде маңызыдысы қарағай өсімдерін қолмен арамшөптен тазалау болып табылады. Оларды жоюға жергілікті 22 қызметкер тартылды, онымен қоса 8 оператор жұмыс істейді. Сонымен қатар, тамшылап суару жүйесімен жабдықталғанбыз, онда 8 адам еңбек етеді. Тұқым бәрі өзімізден, арамшөптен тазартып, тыңайту және зиянкестерден қорғау шараларын жүргіземіз

Жалпы резерватта 2 тұрақты орман тұқымбағы бар. Жалпы ауданы 57 га құрайды. Оның ішінде 30 га Шалдай филиалының қоры. Қарағай көшеттері стандартты өлшемі 2 жылдан кейін жетеді.

МАРИНА НЕЗБАЕВА, ОРМАНДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ИНЖЕНЕРІ

Арамшөптерден тазалағаннан кейін біз қоқыстарды аумақтағы арнайы жерге шығарамыз. Арамшөптен тазарту бұл қарағайдың белсенді түрде өсуіне, жеткілікті мөлшерде ылғал мен жарық алуына негізделген. Ал күз мезгілі келгенде орман дақылдарын отырғызу басталады. Осы жерден екіжылдық қарағай көшеттері алынып, орманға отырғызылады. Барлық материалдар стандартты

Қазір мұндағы қызметкерлер аптап ыстыққа қарамастан таң атысымен жұмыс істейді. Сондықтан еңбек адамдарының орман шаруашылығына қосып жатқан үлесі зор екенін айта кеткен жөн.

Қымбат Садық