Павлодарда соңғы бірнеше аптада ауа температурасы көтеріліп, аптап ыстық сақталуда. Соның салдарынан жедел жәрдемнің көмегіне жүгінген тұрғындар саны артты. Мұндай ауа-райында ыстық өтуден қалай сақтану керек? Тілшіміз баяндайды.

Демалыс күндері жедел жәрдем станциясы үшін қарбалас уақыт болды. Медициналық авиация бөліміне аудандық ауруханалардан қоңыраудар көп түсті. Бұған дейін күніне 1-2 шақырту болса, бірнеше күнде оның саны 5-ке дейін жеткен. Жедел жәрдем көмегіне жүгінгендердің басым бөлігі ыстықтан зардап шеккен.

Дәрігерлер күннің көзінің тікелей түсуінен қорғану керек екенін ескертеді. Ыстық пен қапырық ауа, әсіресе, созылмалы аурулары бар жандарға қауіпті. Сондықтан, ыстықта далаға бас киім және көзілдіріксіз шықпаңыз. Сондай-ақ жиі су ішіңіз.

Жұлдыз Қабылденова