Батыс Қазақстан облысының оқушылары Ертіс-Баян өңіріне түристік экспедиция аясында ат басын бұрды. Ұл, қыздардың мақсаты Қаныш Сәтбаевтың жеке еңбектерін зерттеу. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Бірінші кезекте оқушылар Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейіне барды. Олар үшін қордың барлық экспонаттары бойынша ауқымды экскурсия өткізілді. Археологиялық және палеонтологиялық олжалардан бастап біздің аймақтың белгілі өкілдерінің өмірбаяндары мен жеке заттарына дейін ақпарат алды.

Орал қаласының оқушылары жыл сайын осындай туристік-өлкетану турларына барады. Ұстаздар осылайша балаларды туған жерімен бірге елдің барлық тарихи тұлғаларымен таныстыруға ниетті.

Зияткерлер Павлодар жерінде үш күн тұрақтайды. Осы уақыт аралығында Баянауыл ауданының тарихи орындарын аралауды жоспарлап отыр.

Байтұрсын Жұмабай, Ермек Сапаров