Бүгіннен бастап Ұлттық Ұланның 6679 әскери бөлімінде жаңа оқу кезеңі басталды. Жауынгерлер мемлекеттік-құқықтық дайындық пен қауіпсіздік шаралары бойынша білім алады. Оқу кезеңі қашанға дейін жалғасады? Тілші айтсын

Жаңа оқу кезеңі мемлекеттік құқықтық дайындық пен қауіпсіздік шараларынан басталады. Оқу қорытындысы бойынша «Шығыс» өңірлік қолбасшылығымен инспекторлық тексеріс жүргізіледі. Осылайша жауынгерлердің білімі, дағдылары, шеберлігі, моральдық-психологиялық жағдайы сыннан өтеді.

АТАБЕК САЛИХБАЕВ, ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ШЫҒЫС» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгінгі таңда барлық әскери бөлімдерде жаңа оқу кезеңі басталды. Сабақтар береміз жауынгерлерге. Әскери қызметшілер дағдыларын, істерін көрсетеді. Мемлекеттік құқықтық дайындықтарда біз әскери патриоттық жағынан солдаттарды тәрбиелейміз. Президенттің Жолдауына байланысты сабақ өткіземіз. Барлық Ұлттық Ұланның тапсырмаларын орындаймыз.

Әскерилер негізі 2 рет оқу кезеңінен өтеді. Осылайша жауынгерлер өзінің кәсіби, әскери шеберлігін арттырады. Айта кетейік, оқытудың бірінші жартыжылдығы қыста басталады. Екінші кезең енді басталды, желтоқсан айына дейін жалғасады.

Самал Қалиқызы