Павлодарда жастар арасында аударыспақтан ашық қалалық турнир өтті. Жүлделі орындар мен ақшалай сыйақылар үшін еліміздің бірнеше облысынан келген жас жігіттер бақтарын сынады. Толығырақ алдағы сюжетте.

Ұлттық ойындарымыздың қай түріне қарасақ та әр қайсысы батылдықты, ептілікті, тапқырлық пен табандылықты қажет етеді. Ал аударыспақ додасында осы қасиеттердің барлығы керек. Еліміздің әр өңірінен жиналған 2007-2009 жылдары туған жас шабандоздар белдесті.

ЖАСҰЛАН АЛИЕВ, АУДАРЫСПАҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ БАПКЕРІ

Көрші облыстардан келді. Ақмола, Қарғанды, Слтүстік Қазақстан облысы тағы да келген палуандар бар. Жарыс барлығы жақсы өтіп жатыр.

Сайыста үздіктер қатарынан Абдулла Қали көрінді. 16 жастағы спортшы аударыспақпен 4 жылдай айналысады. Өз жеңісі үшін бапкерлеріне алғысын білдірді.

АБДУЛЛА КАЛИ, ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ

Бүгінгі турнир мықты дәрежеде өтті деп ойлаймын. Қазақстанның түкпір-түкпірінен мықты палуандар келді. Жақсы тартыс болды. Бүгін мен Алланың қалауымен бірінші орын алдым. Бес схватка өткіздім, бесеуінде де жеңіске жеттім

Айта кетейік, алда елімізде Көшпенділер ойыны өтеді. Төл өнеріміз ұлықталатың бірегей жобаға көп уақыт қалған жоқ. Аударыспақ та әлемдік сайыста өткізіледі.

АБДУЛЛА КАЛИ, ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ

Негізі қазақ атқа жақын ғой. Рухты болуымыз керек. Намысшыл болуымыз керек. Сондықтан балалар келіндер

Бұл бәсеке Қазақстан чемпионатына іріктеу. Өңірлік спортшылардың дайындығындағы осы нәтиже арқылы сараланады.

Байтұрсын Жұмабай