Ертіс ауданында полиция қызметкері өзіне қол жұмсады. Кіші сержант қызметтік қарудан басына оқ атқан. Жансақтау бөліміне түскенмен, құтқару мүмкін болмады. Оның не себепті мұндай әрекетке барғаны белгісіз.

21 жастағы полиция қызметкері түскі үзіліс кезінде үйіне келіп, өзіне қол жұмсағысы келетіні туралы хат жазған. Кейін «Макаров» тапаншасымен өз басына оқ атқан. Өзін жаралаған полицей ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, оны жасанды желдету аппаратына қосты. Дәрігерлер бір тәуліктен аса оның өмірін сақтап қалуға тырысты. Дегенмен жас полицей көз жұмды.

ДАРХАН МҮСЛІМОВ, №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Науқас бас миының жарақатымен біздің ауруханаға келіп түсті санитарлы-авиациямен реаниматологтардың және нейрохирургтардың көмегімен. Өте ауыр жағдайда түсті. Сол 30-ы күні кешкі сағат 20.10-да науқас бздің ауруханада, барлық көрсетілген көмекке қармастан, қайтыс болды