Домбыра күніне орай қаламыздағы арнайы кітапханада дәстүрлі түрде өтетін «Үкілі домбыра» шарасы өтті. Оған кітахана оқырмандары, оқушылар қатысты. Толығырақ тілші сюжетінде

Қазақтың қара домбырасы – ұлтымыздың бойтұмары. Оның үні әрқайсымыздың жүрегімізге жақын. Өйткені, қазақ пен домбыра – бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын егіз ұғым. Академик Ахмет Жұбанов «Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі» деп бекер айтпаған. Қастерлі аспаптың қос ішегіне халқымыздың бүкіл болмысы сыйып тұр. Домбыра күніне байланысты қазір еліміздің түкпір-түкпірінде шаралар қолға алынып отыр.

АЙНАГҮЛ ҚОЖАХАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ АРНАЙЫ КІТАПХАНАНЫҢ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ БӨЛІМІ БАСШЫСЫ

Бұған еді біз 24 мектеп оқушыларын шақырдық. Өзіміздің оқырмандарды шақырдық. Бұл домбыра арқылы жүрекжарды туындыларын, шығармашылықтарын насихаттауда.

«Үкілі домбыра» шарасы облыстық арнайы кітапханада жылда өтеді. Негізгі мақсат ұлттық аспаптың құндылығын жоғалтпау, тарихымыз бен бүгінгіні тоғыстыру. Домбыраның алар орнын айшықтау. Осы ретте жастар мен қатар қарттарымыздың аталмыш кештерге қатысқаны қуантады.

ЖАСҰЛАН САДЫҚОВ, ОҚЫРМАН

Мен көптен бері келіп жүрген оқырман болғандықтан. Мында маған ұнайды. Жұмыстар барлығы ұнайды. Барлығы директорға байланысты. Талай іс шаралар өтіп жатады. Жағдай туғызып отырған басшыларын а мыңда бір шүкірлік.

Айта кетейік, облыстық арнайы кітапхада 70 мыңға жуық кітап қоры бар. Оқырман саны 2 мыңнан асады.

Самал Қалиқызы