Энергетиктермен кеншілер қаласы Екібастұз, Үкіметтің ерекше назарында. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен шаһарды жылыту маусымына дайындығын тексерді. Сондай-ақ ол облыс әкімі Асайын Байхановпен ГРЭС-1 және ГРЭС-2 орталықтарына барды. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Бірінші вице-премьердің жұмыс сапары ең алдымен ГРЭС-2 станциясынан басталды. Аталған станцияда үшінші энергоблок салу жұмыстары биыл қолға алынды. Жоба құны 600 млрд теңге. Құрылысы 2027 жылы аяқталады - деп жоспарланған. Қазір нысанда қыс мезгіліне дайындық жұмыстары пысықталынып жатыр.

БОЛАТ ҚАШАҒАНОВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ ГРЭС-2 СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Қазір бізде алдағы маусымға дайындық жүріп жатыр. Мамыр айының соңында №1-ші энергоблок 90 күнге жөндеуге тоқталды. Жоспар бойынша жаңарту тамыз айында аяқталады. Ал қыркүйек айында №2-ші блок жөнделеді. Осылайша қыс мезгіліне дайындық пысықталады... блоками заходим в зиму.

Бұдан кейін Роман Скляр ГРЭС-1 ге барды. Өткен аптада станцияның 2,3,4 және 7 қуат блоктары істен шықты. Ақау жөнделіп, қуат көзі қалыпты режимде жеткізілуде. Роман Скляр жағдайды мұқият зерттеп, қажетті шараларды қабылдау қажет екенін атап өтті.Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті болған жағдайды тексеретін болады. Одан соң, вице-премьерге №1-ші және №3-ші жылу магистралін реконструкциялау жұмыстары туралы айтылды. Облыс әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, өңдеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Как вы видите, работы ведутся....Өздеріңіз көріп тұрғандай нысанда қызу жұмыс жүріп жатыр. Мердігер ұйыммен келісілген кестеге сәйкес орындап келеді. Жалпы ұзындығы 3,8 шақырымды құрайды. Тамыздың аяғында нысан дайын болады деп күтілуде.

Өңір әкімі 70 шақырымдық құбыр ауыстырылғанын, сондай-ақ гидравликалық сынақ кезінде анықталған ақау екі есеге азайғанын айтты. Бұдан кейін елордалық мейман жылу беру орталығына ат басын бұрды. Онда да жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Негізгі қазандықтар жаңарды. Су жылытатын пештер де реконструкциядан өтеді. Жылыту маусымына дейін, яғни тамыз айында толықтай аяқталады деп жоспарланған. Нысан құрылғылары 70 пайыз өңделді.

Вице-премьер өткен жылыту маусымы сәтті өткенін тілге тиек етті. Жауапты тұлғаларға бақылауды күшейтуді тапсырды.

РОМАН СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Былтыр реконструкция жұмыстары кең ауқымда жүргізілді. Қыста 5 қызындық жұмыс істеп, 5-уі резервте бодды. Бұл жақсы көрсеткіш. Жаңа жылыту маусымына дайындыққа аса жауапкершілікпен қарауды ескертіп, барлық қажетті жөндеу жұмыстары сапалы әрі уақытылы жүргізуді тапсырамын..... Они должны выполены в срок.

Бұдан кейін, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары «Богатырь көмір» серіктестігіне барды. Кәсіпорынның инновациялық технология жобасымен танысты. Одан соң, шаһардың тұрғын үй құрылысын барысын көрді. Қала әкімі Аян Бейсекиннің берген ақпаратына сәйкес биыл 3 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Әйгерім Тоқпанқызы