Қиялға шектеу қоймаса, балаңыздың арбасын қандай стильде безендірер едіңіз? Мәселен «Ана үйі» ұйымдастырған сайыста киіз үй, ақ бұлт, жедел жәрдем көлігі стиліндегі кішкентай темір тұлпарларды көруге мүмкіндік болды. Олар арбалар шеруінде бақ сынады.

Қалалық саябақ аумағы түрлі түсті арбалардың алаңына айналды. Мында балалардың көлігі бұлт, жәндіктер, жедел жәрдем көлігі, мультфильм кейіпкерлері стилінде безендірілді. Бәрі де дәстүрлі түрде өтетін шеруге қатысты.

Байқауда ұлттық нақыштағы арбалар да бой көрсетті. Аналардың бірі баласының көлігін киіз үйге ұқсатса, бірі башқұрт ұлтының әшекейлерімен көмкерген.

ОЛЕСЯ СУВОРОВА, ҚАТЫСУШЫ

Арбалар шеруіне бірінші рет қатысып отырмыз. Бізді арбамыз башқұрт стилінде безендірілді. Қазақстанда өмір бойы тұрамыз. Балаларымызды өз салты мен дәстүрін білсін деген мақсатта осылай жасадық. Дәстүрлі тиындар мен безендірілді. Идея ойда жоқта келді. Бір күн ішінде идеямызды жүзеге асырдық.

Айта кетейік, арбалар шеруін «Ана үйі» қоғамдық қоры 2017 жылдан бері өткізеді.

ӘСЕЛ ӘБІШЕВА, «АНА ҮЙІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ

Идея сонау 2017 жылы келді. Бастапқыда «Ана үйінде» өткіздік. Өте қызықты болатын. Бәріне ұнады. Пандемия кезінде онлаин ұйымдастырдық, Қазақстан бойынша видеолар жіберіп отырды. Одан кейін міне осында шыға бастадық. Әкімдік осы жерді қуана қуана берді.

Жалпы арбалар шеруіне 16 ана мен бала қатысты. Осылайша 2 адам дағдарыс орталығынан, 4 адам аналар үйінен және қалғаны инстаграм желісі арқылы қатысуға ниет білдірген. Сайыс жеңімпаздарына демеушілердің атынан сыйлықтар табысталды.

Самал Қалиқызы