Облыс орталығының Ертіс променад сахнасында аты аңызға айналған Шакен Аймановтың 110 жылдығына орай музыка кеші өтті. Симфониялық Оркестордың орындауында жерлесіміз Шакен Аймановтың кинофильмдерінен әндер шырқалды. Келесі бейнесюжетке кезек берейік.

Павлодар облысы Иса Байзақов атындағы Филормонияның Симфониялық оркестр орындаушылары Қазақ өнерінің жарқын жұлдызы, талантты актер әрі режиссер, атақты жерлесіміз Шакен Аймановтың 110 жылдығына орай шығармашылық кеш ұйымдастырды. Сахна төрінде олар режиссердің қойған танымал фильмдерінің саундтректерін орындады.

Оркестрдің сүйемелдеуімен өткен музыкалық шарадан қала тұрғындары мол әсер алып, құлақ құрышын қаңдырды.

Сабина Жолдаспаева