Облыс орталығында Сабантой мейрамы аталып өтті. Татар-башқұрт мәдени орталығының ұйымдастыруымен Достық үйінің алаңында мерекелік шара ұйымдастырылды. Толығырақ алдағы южеттен көрейік!
Сабантой – егіс жұмыстары аяқталғанда тойланатын көне мереке. Биыл бұл мейрам облыста 31-рет аталып өтті.
РУСТАМ МАЗГУТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ТАТАР-БАШҚҰРТ ҚОҒАМДЫҚ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Сабантой – егін науқанының аяқталуын білдіретін мереке. Бұл мейрамды ата-бабамыз ғасырлар бойы тойлап келеді. Бүгін мәдени бағдарлама, концерт, түрлі жарыстар ұйымдастырамыз. Биыл мерекелеі шарамызды Достық үйінің алаңында өтіп жатыр. Сондықтан оның ерекше мәні бар
Жиналған жұртшылық татар-башқұрт халықтарының салт-дәстүрі мен ұлттық ойындарының куәгері болды. Сонымен қатар, ұлттық тағамдардан дәм татты.
МЕТАНЕЛЬ СӘРСЕМБИНОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Бүгін башқұрт-татар этногруппалары өте күшті сабантой мерекесін ұйымдастырып жатыр. Мына дайындықтары қандай күшті болып жатыр бүгін. Павлодар қаласының тұрғынымын өзім. Концертті көруге, мерекені көруге келіп отырмын. Керемет, күшті. Осындай тойлар бола берсін» 00.30
Концерттік бағдарлама мереке сәнін келтіре түсті. Қазан, Барнауыл қаларынан, Екібастұздан келген шығармашылық ұжымдар түркі халықтарының билерін мен әндерін орындады.
Береке-бірлік мерекесі Қазақстанда тұратын халықтардың ынтымақтастығын нығайтуға маңызды рөл атқарады. Бұл жолы да жоғары деңгейде өтіп, тұрғындарға жақсы көңіл-күй сыйлады.
Жұлдыз Қабылденова