Екібастұз қаласында тәрбиемен адами құндылықтарға негізделген облыстық евент кездесу өтті. Оған өңіріміздің қала мен аудандарындағы білім бөлімінің мамандары қатысты. Толығырақ тілші тарқатады.

Шара «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде ұйымдастырылды. Кездесу «Тәрбие және адами құндылықтар: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында болды. Ол панельдік сессия форматында өтіп, эксперттік топ жұмыс істеді. Оған облыстың әр өңірінен білім саласының мамандары қатысты. Сондай-ақ, спикер түрлі маңызды тақырыптарды көтеріп, өз баяндамаларын ұсынды.

ЛАУРА ДИСЮПОВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Евент кездесудің негізгі мақсаты мектепке дейінгі және қосымша білім беру бөліміндегі инклюзивті оқытуды енгізу. Және біздің қаламыздағы ерекше жоба бар. «Қолдау» жобасы деп аталады. Ол арнайы аутист балаларға арналған жоба. Бұл жобаға жалпы Екібастұз өңірінің 90-ға жуық бала қатысады

Айта кетейік, «Қолдау» инклюзивті жобасы былтыр басталған. Оның аясында аутизмге шалдыққан балалар түрлі іс-шараларға, үйірмелерге қатыса алады. Кездесу барысында қатысушыларға жобаның таныстырылымы өтіп, оның мүмкіндіктері кеңінен айтылды.

АЙЖАН КҮРТЕБАЕВА, АТА-АНАЛАР ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ

 «Қолдау» инклюзивті жобасы барысында балаларымыз жаңа қырынан ашыла білді. Яғни, аутизммен ауыратын балалар қоршаған ортаны жаңаша көреді. Мысалы, балалар түрлі үйірмелерге қатысады. Түркістанда өткен халықаралық байқаудан жүлделі бірінші орынды жеңіп алған еді. Олар кәсіби түрде сурет салады. Әртүрлі республикалық байқауларға да қатысып жүр. Жоба қазір дамып келеді

Инклюзивті жоба барысында алғаш рет Екібастұзда аутизм балаларға арналған инфотакси іске қосылмақ. Сондай-ақ,кездесуде тәрбие мен отбасындағы әке рөліне «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстағы филиал басшысы Жанарыс Хызыр тоқталды.

Облыстық евент-кездесуге қатысқандар тіл кемістігі бар балалармен жұмыс істейтін №25 балабақша барып, ондағы мамандар тәжірибе алмасты. Жалпы, іс-шара тәрбие бағытында ізденіс пен тәжірибе жинақтап, одан нәтижеге шығаруға бағытталды.

Қымбат Садық