Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 15 ауыл жаңғыртудан өтетін болады. Бұл мақсатқа 9,1 млрд теңге бөлінді. Мемлекеттік бағдарламаның шарапаты қай саланы қамтиды? Тілші материалында.

Биыл « Ауыл – ел бесігі» бойынша 56 жоба жүзеге аспақ. Оның ішінде елді-мекендердегі әлеуметтік нысандарды жөндеу, жол салу, маңызды инфрақұрылымдық жұмыстарды қамтымақ. Қазіргі күні 3 ауылда құрылыс жұмыстары аяқталды.

ДАМИР ТӨЛЕУБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Барлық жобалар ауылдың дамуын жақсартуға бағытталған. 9 спорт кешені, 2 мәдениет үйі, Успен ауданының Галицкое ауылындағы жеке меншік үйлерге баратын жол салынатын болады. Одан бөлек 2 ауылға жарық беру желісін тарту, 1 ауылға электрмен жабдықтау желісін салу және Тереңкөл ауданының Береговое ауылындағы мәдениет үйін қайта құру жұмыстары бар. 17 әлеуметтік нысанға күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі. 61 шақырым болатын аулаішілік жолдар жөнеделеді.

Ал 12 жоба аяқталуға жақын. 33 нысандар жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 8 жоба шілде айында басталады. Ауылдарды жаңғырту бағдарламасы аясында 114 адам уақытша жұмыспен қамтылды.

ДАМИР ТӨЛЕУБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 «Ауыл – ел бесігі бағдарламасынан бөлек қалалық және аудандық бюджеттер есебінен және басқа мемлекеттік бағдарламалары қатарынан қосымша 8 ауылда 868,4 млн. теңгеге 14-тен астам жоба іске асырылады. Бұған 8 абаттандыру жобасы, 2 әлеуметтік нысанды жөндеу жұмыстары кіреді. Барлық іс-шаралар ауылдардың инфрақұрылымдық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Ал ауылдық елді-мекендерге келіп жұмыс істейтін жастар үшін «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы жұмыс істейді. Оларға қажет қолдаудың барлығы жасалмақ.

ДАМИР ТӨЛЕУБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтермеақы төлеу құны биыл 100 АЕК көлемінде бекітілді. Бұл 369,2 мың теңге. Ал аудан орталығынан үй алуға 2500 АЕК, бұл 9,2 млн теңге, ауылдарда 7,4 млн теңгені құрайды.

Биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша үй алуға 167 несие беру жоспарланған. Бұған 1 млрд. 360 млн теңге бөлінді. Ал көтермеақы төлеуге 174 млн теңге бөлінді.

Өзгеріс Қуанар