Маусым айында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың үстеме бағасын көтерген 10-нан астам жағдай анықталды. Дүкен иелері көбінесе күріш, картоп, тұздың бағасын қымбаттатады екен. Толығырақ келесі сюжетте.

Қазір облысымыз бойынша маусымдық көкөністер мен жеміс-жидектердің бағасы қымбаттап тұр. Оның ішінде картоп, сәбіз, пияз бағасы өскен. Мысалы былтырғы картоп 90 теңге болса, биылғы бақша өнімінің бағасы 230 теңгеге дейін жетеді. Сонымен қатар, өңірімізде сары май, күріш, макарон өнімдерінің бағасы да сәл қымбаттаған. Әлеуметтік маңыздағы азық-түлік бағасы жауапты органдармен бақылауда болса да, кәсіпкерлік субьектілері 15 пайыздан астам үстеме бағаны қосып отыр дейді брифингте.

ДӘУЛЕН ҚАБДУШЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Сауда субьектілерімен сауда үстемесінің 197 пайызға қымбаттағанын анықтадық. Яғни дүкен иесі өнімнің тауарын 2 есеге өсірген. Мысалы ағымдағы жылы қарақұмықтың сатып алу бағасы 198 теңге болса, оны дүкенде 470 теңгеден сатқан. Кәсіпкерді жауапқа тартып, ұйғарым бердік. Нәтижесінде қарақұмық бағасын 227 теңгеге түсірді.

Айта кетейік, әлеуметтік маңыздағы 19 тауарды жүзеге асыратын облыста 217 сауда нүктесі жұмыс жасайды. Дүкен сөрелерінде 6 айда 9 тонна өнім жүзеге асырылды. Қазір тұрақтандыру қорында 14 тонна өнім бар. Ал, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен әлеуметтік маңыздағы тауар бағаларын бірқалыпты ұстау бойынша жұмыстар қарқынды.

ДӘУЛЕН ҚАБДУШЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Соңғы бір айдағы тексеріс бойынша айтсақ, Павлодар қаласында 28, Ақсуда 24, Екібастұзда 28, Павлодар ауданныда 4, Аққулы ауданында 4 кәсіпкер жауапқа тартылды. Өңірлік комиссия үстеме баға қосу жағдайларын бақылауда ұстайды.

Маусым айында 15 жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Мемлекеттік органдарға келіп түскен 12 жағдай қаралды.

ДӘУЛЕН ҚАБДУШЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Маусым айының басмында күріш 16,1 пайыз, тұз 22 пайыз, күріш 15,5 пайыз және картоптың 15,7 пайыз, пияз 18 пайызға қымбаттату жағдайылары анықталды.

Әлеуметтік маңыздағы тауардың бағасын қымбаттатқан жағдайда кәсіпкерге алдымен ескерту беріледі. Кейін 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл тағайындалады. Ал, павлодарлықтар дүкендегі азық-түлік бағасы жалпы қымбаттап кетті деп отыр.

Сонымен, департаментпен 2023 жылы 42, биыл 95 кәсіпкерлік субьектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осыдан-ақ, әлеуметтік маңыздағы тауарлардың бағасын қымбаттату жиілеп кеткенін көруге болады. Фактілер болса департаменттің 55 10 70 нөмірне хабарласуға болады.

Самал Қалиқызы