Облыс орталығында жылыту маусымына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Жылу берушілер магистральдарда дайындық және жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жалпы Павлодарда 300-ден астам көпқабатты үй жылу маусымына әзір екен.

«Павлодарэнерго» АҚ жылыту маусымына дайындық ұжымдық жұмыс дейді. Сондықтан магистарльдарды жөндеу, құбырларды ауыстыру, гидравликалық сынақтарды өткізуден бөлек, әр үй иесі де бұған өз үлесін қосу керек. Пәтердегі жылу батарейлерін тексеріп, тазалау да маңызды.

НАДЕЖДА ТЮРИНА, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ

Бүгінгі таңда Павлодарда 1299 көпқабатты тұрғын үйдің 319-ы жаңа жылу маусымына 100 пайыз дайын. Бұл үйлерде барлық қажетті дайындық жұмыстары жүргізілді, гидравликалық сынақтар жасалды, жылытудың ішкі жүйесі тексерілді. Жалпы 254 үйде дайындық жұмыстары 80 пайызға жасалды. Аталмыш бағытта жүмыстар жүрогізілуде.

Самал Қалиқызы