Қазақстанның құрметті журналисі, «Құрмет» орденінің иегері Ғалия Балтабайдың «Тұлғалар – ғажап жандар» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Шара туралы толығырақ тілшіміз тарқатады.

 Бүкіл саналы ғұмырын радио журналистикасына арнаған Ғалия Құсайынқызы 20 кітап шығарған қаламгер ретінде де танымал. Жаңадан жарық көрген «Тұлғалар – ғажап жандар» атты кітап автордың ақпарат саласындағы ұзақ жылғы еңбегінің жарқын көрінісі деуге болады. Шара барысында авторға Павлодар облысы әкімінің құттықтау хаты табысталды. Және Павлодар облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченкода құрмет көрсетіп, алғыс білдірді.

Кітаптың негізгі арқауы – мемлекеттік және қоғамдық ортаның ерекше адамдары. Автор өзі тұлға деп, ғажап жандар деп санаған кейіпкерлерінің өмір жолын жан-жақты зерттеп, оқырман қызығып оқитындай етіп жазған.

ҒАЛИЯ БАЛТАБАЙ, ҚҰРМЕТ ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ

Біз көбінде журналистер еңбекті жазамыз да газеттерге, журналдарға шығарамыз ғой. Ал бірақ ол жан жақта шашылып қалады. Осының барлығы бір кітапқажинақталсма деген ниетім болды. Бірақ көрген, араласқан-құраласқан адамдарым бұл кітапқа сыймай қалды. Енді бұл кітаптың 2 томы болады. Мұнда естеліктер де, сұхбаттар, әңгімелер де бар. Содан кейін қызмет бабында өзімнің жүрмей жатқан проблемаларды көтерген кезде соған көмектескен башылар да бар

Автор кітабын белгілі Иса Байзақов, Фариза Оңғарсынова, Әнуарбек Байжанбаев сынды тұлғалардың өмірінен бастап, тағылымды тағдырларды сөз етеді. Кітап 3 бөлімнен тұрады. Ондағы тұлғалардың ұлт руханиятына қосқан үлесі, кісілік келбеті көркем түрде жеткізіледі.

РЫМКЕШ СЛАМБЕКОВА, АРДАГЕР ҰСТАЗ, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Мен өте қуаныштымын. Өйткені журналистің те журналисті болады, жазушының да жазушысы болады. Бірақ та бұл кісі қаншама жыл осы журналистик еңбек етіп жүрген кезден бастап, облыстың қаншама адамдарымен таныс болды, үзеңгілес, әріптес болды. Сондықтан, бұл өзінің біздің Павлодар облысына қалдырған мұра деп түсінемін

Мазмұнды кешке зиялы қауым өкілдерімен қоса, сыныптастары мен құрметті қонақтар да қатысты. Олар кітап үлкен еңбектің жемісі деп, ақжарма тілектерін білдіреді.

АМАНГЕЛДІ УАҚБАЕВ, ЕРТІС АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бүгін Ғалия апайымыздың тұсаукесер кітабына келіп отырмыз құрметті қонақтардың бірі болып. Енді апамызға тілейтінім зор денсаулық, шығармашылық табыс, кітабына-кітап қосылып, еңбегінің жемісін көріп, халқымен, елімен бірге қошеметке бөленіп жүре берсін деген ақтілегім бар

Ғалия Құсайынқызы нағыз жазушы, қаламы жүйрік қаламгер.Алдағы уақытта көлемді кітап оқырмандарын тәнті етіп, өзі жазған тұлғалардың ризашылығына бөленетініне сеніміміз зор.

Қымбат Садық