Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков Павлодарское ауылының тұрғындарымен кездесті. Оларды жолдарды жөндеу, қаңғыбас иттермен күрес, электр желісінің кернеуі сияқты сұрақтар алаңдатады. Осы орайда шаһар басшысы мәселені шешу жолдарын таныстырды.

Алдымен Павлодарское ауылының әкімі Аманбек Ұнат тұрғындардың алдында жыл бойы жасалған жұмыстардың нәтижесін қорытындылады. Қазіргі уақытта ауылдың 5 көшесінде асфальттау жұмыстары аяқталған.

АМАНБЕК ҰНАТ, ПАВЛОДАРСКОЕ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ

Елдімекендерді абаттандыру бойынша 23 аялдама сырланды. 230 шаршы метрде гүлзарлар орналастырылды. 2 балалар алаңы орнату жұмыстары басталды. Көшелерінде орналасқан.

Ағымдағы жылы Павлодарское ауылында кезек күттірмейтін әлеуметтік маңызы бар іс шараларды қаржыландыру үшін алғаш рет бонустық қор қарастырылды. Аталмыш қордың аясында бірнеше жоба жүзеге асты.

ХАСАР ХАБЫЛБЕКОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Осылайша жергілікті қоқыс үйіндісінің жанында модульді күзет бекеті қойылды. Осы айдың соңына дейін Тәуелсіздік–Мұқан қаған көшелері бойында 2 балалар алаңы орнатылады. Жалпы ұзындығы 3,4 шақырым болатын 5 көшеде жол жөнделді. Бұл Садовая, Березовая, Молодежная, Целинная, Сәтпаев көшелері. Осылайша ауылдағы жолдардың сапасы 42 пайызға жетеді. Ауылда әлі жөндеуді қажет ететін жолдар жеткілікті. Жұмыстар кезең кезеңімен жасалады. Биыл құжаттарын бастап, келесі жылы жүзеге асыра бастаймыз.

Жеке тұрғын құрылысы аумағында электр желісінің подстанциясы салынып жатыр. Оның құрылысын жеке бақылауға аламын деді, шаһар басшысы. Жоба ағымдағы жылдың 4-ші тоқсанында қолданысқа беріледі. Қазір ауылдағы 27 кешенді трансформаторлы подсанцияда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Кездесудің келесі бөлігінде тұрғындардың мәселелері қаралды. Алғашқы сұрақ, жасалған жаңа жолдың ыңғайсыз тұстарына қатысты болды.

Бұл ретте Хасар Хабылбеков аумаққа барып, жағдаймен өзі танысатынын айтты.

Біздің үдің маңына біреулер екі итті тастап кеткен. Олар аш, біздің үйдің аумағында жүреді. Бау-бақшамызға кіріп кетеді. Ауламызда жүреді. Осы сұрақты шешіп берсеңіздер.

Қала әкімі сұрақты ветеринарлық қызметке тапсырды. Сонымен қатар кездесу барысында шыбын шіркейді улау жұмыстарына қатысты сұрақ та болды.

Одан бөлек, өңірдің экологиялық ахуалы да Павлодарское ауылының тұрғындарын алаңдатады. Себебі ауылда жағымсыз иістің бары жасырын емес.

АЛЕКСАНДР САФЯНИКОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Біз бұл мәселені білеміз. Шағымдар ылғи келіп түседі. Бірақ біз мониторинг жүргіземіз. Жартыжылдыққа 30 рет мониторинг жасалды. Көрсеткіштен арту жағдайы тіркелмеді.

Осылайша Павлодарское ауылы тұрғындарының көкейдегі мәселелері тыңдалды. Қала басшысы жоспардағы жобалар жүзеге асатынын айтты.

Самал Қалиқызы, Алексей Мехедов, ЕА