Павлодардағы орталық жағалауда кезекті рет азаматтарды қабылдау күні өтті. Онда өңір тұрғындары облыстық мемлекеттік мекеме басшыларына өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Толығырақ алдағы сюжетте.

Азаматтарды мұндай тәртіппен тұрақты түрде қабылдау өте ыңғайлы форматтың бірі. Себебі, басшы қабылдауына жазылып, кезек күтпейсіз. Қала тұрғындарына қолайлы болу үшін сала мамандары бірден қабылдап, бірнеше мемлекеттік органдардың қатысуымен мәселені шешуге көмектеседі.

АЙНА ШАҚА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ

Негізінен бізде жеке қабылдаулар жүргізіледі. Және де өз өтініштерін «е-өтініш» базасы арқылы жолдай алады. Ол егов арқылы немесе мемлекеттік органға тіркеле келіп, өздерінің өтініштерін қалдыруға болады. Мұнда қала тұрғындары өздерінің мәселелерін жергілікті мемлекеттк органдарға және құқық қорғау органдарына өз мәселесімен келуі мүмкін.

Жергілікті атқарушы органдарға келіп түскен өтініштердің көбі коммуналдық қызмет,тұрғын үй және жер қатынастары мәселелерімен байланысты болды. Қабылдау күні қала тұрғындары да белсенділік танытып, өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Бізде көптеген маңызды сұрақтар болды. Мәселен, бұл аула аумағын абаттандыру, шатырды жөндеу, жертөлелерді өңдеу мәселелері. Олардың барлығы бір-бірімен байланысты ғой. Тұрғын үй инспекциясы, басқа да бөлім өкілдері тыңдады. Енді көмек болады деп ойлаймын.

Жол жүру жеңілдігі бойынша жауапты маманға сұрақ қойдық. Аққулы ауданынан арнайы келдім. Тегін жол жүру ақысы болатынын, және, тұрғын үй мәселесінде сұрадым. Барлық толғандырған сауалдарыма жауап алдым.

Азаматтардан келген барлық сұрақтарға заң аясында жауап берілді. Айта кетейік, азаматтарды қабылдайтын мұндай шаралар өңірді барлық қала мен аудандарында өткізіледі.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ, ЕА