Елімізде 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтуде. 28 шілде күні Мойылды ауылының тұрғындары елді мекен басшысын таңдайды. Сайлау барысы қандай болатыны туралы тілшіміз баяндайды.

Биыл Мойылды ауылы әкімінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Осыған байланысты 28 шілде күні сайлау өтеді. Кандидаттарды тіркеу кезеңі 7 шілдеде аяқталды. Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Мойылды ауылының әкімі болуға үмітті үш кандидатты тіркеді.

ВЕРА ГЕЙНЦ, ҚАЛАЛЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Үш үміткер де қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру рәсімінен өтті. Сондай-ақ заңнамада белгіленген мерзімде тіркелді. Әкімді сайлау жөніндегі шараларды құрамында 7 адам жұмыс істейтін нөмері 3-ші аумақтық сайлау комиссиясы ұйымдастырады. Аумақтық комиссия 7 шілдеде жұмысын бастады. Сайлау учаскесінде дауыс беруге ыңғайлы жағдай жасалады. Оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың да келіп, дауыс беруіне мүмкіндік болады.

Ауылда әкім сайлауында дауыс беруге қатысатын барлығы 1180 тұрғын бар. 12-шілдеден бастап ол азаматтар сайлау учаскесіне келіп, өздері туралы енгізілген деректердің дұрыстығын тексере алады.

ЖҰЛДЫЗ ҚАБЫЛДЕНОВА, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ, ЕА